Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Қаратал ауданының әкімдігі

    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 61–64-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Қаратал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 3-16 шешімімен бекітілген Үштөбе қаласының бас жоспарына сәйкес, Жетісу облысы Қаратал ауданы прокуратурасының 2024 жылғы 19 наурыздағы№ 2-04-24-00291 хатын ескере отырып, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Мемлекет мұқтажы үшін – Үштөбе қаласының бас жоспарына сәйкес Ү. Шорабаев көшесінің Қаблиса ақын көшесі мен Төле би көшесі аралығындағы бөлігінде жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын салу (ашу) мақсатында (Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабының 2-тармағында көзделген ерекше жағдай) мынадай жер учаскесінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:

    1) жер учаскесінің орналасқан жері: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Абдрахман ақын көшесі, 53;

    2) кадастрлық нөмірі: 03-270-012-403;

    3) жер учаскесінің жалпы алаңы: 0,8376 га;

    4) иеліктен шығарылатын бөліктің алаңы: 0,1622 га, осы қаулыға қосымшада келтірілген схемаға (шекаралар мен бұрылыс нүктелерінің координаттарына) сәйкес;

    5) меншік иесі: Кусаинов Жолдыбай Смаилович, ЖСН 560214300198.

    2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2027 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін.

    3. Меншік иесі жүгінетін орын: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Д. Қонаев даңғылы, 9, 17-кабинет болып белгіленсін.

    4. Меншік иесіне тең бағалы өтеу «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оның таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің бірімен жүргізілсін: иеліктен шығарылатын жер учаскесі бөлігінің және ондағы өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын, сондай-ақ шығындарды өтеу; не Үштөбе қаласының шегінде тең бағалы жер учаскесін беру. Өтеу аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

    5. «Қаратал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

    6. «Үштөбе қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иесіне «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында көзделген мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарламаны осы қаулының көшірмесімен бірге пошта арқылы тапсыру туралы міндетті хабарламамен жіберсін;

    2) аталған хабарламаның заңды талап ретінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

    3) меншік иесі бастамашылық еткен жағдайда келісу рәсімдерін өткізсін;

    4) иеліктен шығарылатын жер учаскесі бөлігінің және ондағы өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалауды ұйымдастырсын және бағалау нәтижелері бойынша меншік иесіне мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасын жіберсін;

    5) меншік иесі шарт жасасудан бас тартқан немесе келісім болмаған жағдайда, хабарламаны алған кезден бастап үш ай өткеннен кейін, бірақ осы қаулының 2-тармағында белгіленген күннен кешіктірмей, мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап қоюмен сотқа жүгінуді қамтамасыз етсін;

    6) меншік иесіне өтемақының төленуін қамтамасыз етсін;

    7) мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін жер учаскесінің бөлігін «Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беруді қамтамасыз етсін.

    7. Қаратал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 458 «Қаратал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 09 қазандағы «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының және оған өзгерістер енгізу туралы Қаратал ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 233 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаратал ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкіміҰ. Досымбеков

    Жүктеу
    227dff2ebd4cfcc8ee0ec46af08ee681614502e320844c306823d7e90d0af082_original.313934.pdf
    PDF · 307 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама Қаратал ауданы әкімдігі 2026 жылдың 10 қарашада өт...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    Қаратал ауданы әкімдігі 2026 жылдың 16 қарашадағы өткен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 10 жыл мерзімге беру жөніндегі конкурстың...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Конкурсқа шығарылатын, ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің тізімі

    Конкурсқа шығарылатын, ауыл шаруашылық мақсаттағы жер учаскелерінің тізімі Лот № Жер учаскелерінің орналасу орыны Ауылшаруашылық түрі Жер учаскесі алаңы, га Жер учаскесінің пайдалану мақсаты Топырақтың сапалық сипат- та...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА Қаратал ауданы әкімдігі 2026 жылдың 10 қарашадағы өткен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 10 жыл мерзімге беру жөніндегі к...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама Қаратал ауданы әкімдігі, ауыл шаруашылық жерлерге...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін ба...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kz инвестициялық порталына жүгінетін қазақстан...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағда...

    Қаратал ауданының әкімдігіЖарияланды: