Түркістан облысы әкімі Н. Көшеровтің Ордабасы ауданы тұрғындарымен 04.04.2025 жылғы кездесудегі ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс-шаралар ЖОСПАРЫ

    Түркістан облысының әкімдігі

    Көтерілген мәселе

    Шешу жолдары

    Шешу мерзімі

    Жауапты орындаушылар

    Орындалуы

    1

    2

    3

    4

    5

    6

    7

    Жер саласы

    1

    1.

    1. Бадам ауыл округінің ортақ жайылым жер аумағын ұлғайту мәселесі

    2. Бадам ауылы, Орда м/а жаңадан мектеп салу мәселесі

    Бадам елді мекенінің тұрғыны Ғалымжан Шеңгелов.

    Нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді қайтарып, ортақ жайылымға бекітуді қамтамасыз ету.

    01.12.2025 ж.

    Облыстық жер қатынастары басқармасы

    Облыстық жер ресуртарын басқару департаменті

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Бадам ауыл округінде ортақ жайылым жер аумағы 838 га құрайды.

    Бадам ауыл округінің Дербес ауылындағы «Бадам ӨК» пайдалануындағы 250 га жер телімі Ордабасы ауданы әкімдігінің 04.04.2025 жылғы №131 қаулысымен аудан қорына қайтарылды.

    Нәтижесінде, ауыл округ бойынша ортақ жайылымдық жер көлемі 1 088 га құрады.

    2

    Мемлекеттік жекешелік әріптестік тетігі арқылы мектеп құрылысын жүргізуді ұйымдастыру.

    01.08.2026 ж.

    Облыстық білім басқармасы

    Облыстық құрылыс басқармасы

    «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектеп құрылысына жер телімі, мемлекеттік акт алынып, «Самұрық Қазына» АҚ-на өткізілген болатын. Алайда, жоба бойынша құрылысы жүргізілмейтін болып өзгертілді. Сондықтан аталған мөлтек ауданнан 600 жаңа мектеп құрылысын салу үшін бюджетке ұсынылған. Сонымен қатар, жеке инвесторлар қарастырылуда.

    3

    2.

    Қажымұқан ауылындағы үй іргелік жерді заңдастыру мәселесі.

    Қажымұқан ауылының тұрғыны Кемелбекова Дина

    Үй іргелік жерін заңдастыру мәселесі бойынша зерделеу, нәтижесімен, өтініш иесіне жауап жолдау.

    18.04.2025 ж.

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Өтініш иесінің көрсеткен жер телімі Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық транзиттік автожолының құрылысын жүргізу барысында мемлекеттік мұқтаждығы үшін екі тараптың келісімі негізінде 2011 жылы келісімшарт жасалып, тұрғын үй мен жер телімін қоса бағалау құнымен сатылып алынған. Бүгінгі таңда, аталған жер теліміне Қажымұхан ауыл округі әкімінің 27.09.2024 жылғы №144 санды шешімімен «Балалар ойын алаңшасы және аллея құрылысы үшін» Қажымұхан ауыл округі әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беріліп, кадастрлық №19-293-070-1116 санды мемлекеттік сәйкестендіру актісін алған. Сол себепті, аталған жер учаскесі бүгінгі таңда бос емес болғандықтан, жер телімін өтініш есіне рәсімдеп беру мүмкіндігі болмауда (хатпен жауап беріліп, түсіндірілді).

    Ауыз су саласы

    4

    3.

    Жұлдыз ауылына жаңадан ауыз су жүйесін жүргізу мәселесі.

    Жұлдыз ауылының тұрғыны Бектеміров Белгібай

    Жұлдыз ауылынан ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру.

    01.10.2025 ж.

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Қараспан ауыл округіндегі 3 елді мекенді (Жұлдыз, Ынтымақ, Мәдениет) ауыз сумен қамту үшін жобалау-сметалық құжаттамасы (құны 669,3 млн. теңге) әзірленіп, 2025 жылға қаржысы толық қаралды.

    Құрылыс жұмыстары аяқталып, 2025 жылы қазан айында пайдалануға берілді.

    Қоғамдық көлік мәселесі

    5

    4.

    Аудандағы қоғамдық көліктерді жаңарту мәселесі.

    Темірлан ауылының тұрғыны

    Дүйсен Мүбарак.

    Аудандағы қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстарын жүргізу.

    15.06.2025 ж

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Аудан көлемінде жалпы 29 елді мекенде 13 қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілген.

    Ағымдағы жылдың мамыр айында тасымалдаушы мекеме аудан әкімдігінің қолдауымен, арнайы жобаларды пайдаланып мемлекеттік кредиттер арқылы 13 жаңа қоғамдық көлік жаңартылды.

    Спорт саласы

    6

    5.

    Ынталы ауылы, Қ.Бектаев ат. мектеп интернаты жанынан спорт алаңшасын салу мәселесі.

    Спорт саласының ардагері Бейсен Айнабек.

    Ынталы ауылы, Қ.Бектаев ат. мектеп интернаты жанынан спорт алаңшасын салып, пайдалануға беру.

    01.09.2025 ж.

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Ынталы ауылынан салынатын жабық спорт алаңшасының сметалық құжаттамасы әзірленді (жоба құны - құны 90 млн.тг.).

    18.08.2025 жылы «Арыс Инвест Строй» ЖШС-мен №31 келісімшарт түзілді. 01.11.2025 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Жабық қаңқалы футбол алаңша және сыртқы аумағында стрит воркаут жабдықтары орналастырылған.

    Электр жүйесі саласы

    7

    6.

    Қайнар ауылындағы электр жүйелерін жаңарту мәселесі.

    Бөржар ауыл округінің «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Ережепов Данай

    Қайнар ауылындағы электр желілерін жаңарту жұмыстарын жүргізу.

    01.10.2025 ж.

    «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС

    (келісім бойынша)

    Ордабасы ауданының әкімдігі

    «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің Ұлттық жобасы аясында Қайнар ауылының 5 көшесінің (Әнтеев, С.Жақайқызы, Самал-2, Төле би, Қажымұхан) 5,8 шақырым 0,4 кВ электр желісі мен бағаналары және 2 трансформаторы 2026 жылы наурыз айында толығымен жаңартылды.

    Ауыл шаруашылық саласы

    8

    7.

    1. Ағын су пайдаланғаны үшін мемлекет тарапынан берілетін субсидия қаржысын мерзімінде алу мәселесі.

    2. Тамшылатып суару жүйесін пайдалану үшін мемлекет тарапынан электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі.

    Төрткүл ауылының тұрғыны, «Рамазан Агро» ЖШС-нің төрағасы

    Ағын су пайдаланғаны үшін мемлекет тарапынан берілетін субсидия қаржысын мерзімінде төлеуді қамтамасыз ету.

    01.09.2025 ж

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    «Ағын су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау» бағдарламасына сәйкес Gosagro.kz порталы арқылы 2024 жылы 25 қыркүйектегі 2024-19-10-4825 өтінімі бойынша 2 040,1 мың тг қаржы субсидия төленді.

    Алайда, ағымдағы жылға АШТӨ тарапынан тиісті өтінім жолданбады.

    9

    Тамшылатып суару жүйесін пайдалану үшін мемлекет тарапынан электр жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі туралы шаруаларға түсіндіру.

    04.05.2025 ж

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Тамшылатып суғару жүйесін пайдалану үшін мемлекет тарапынан электр жүйесімен қамтамасыз ету жөнінде ауыл округтеріндегі су үнемдеу технологиясымен айналысуға ниет білдірген шаруа қожалық иелеріне 10.04.2025 жылы жиналыс өткізіліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

    10

    8.

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие қаржысының мерзімінде берілуі және оңтайландыру мәселесі.

    Төрткүл ауылының тұрғыны

    Тәжібаев Ералхан.

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында несие қаражатының уақытылы берілуін қамтамасыз ету.

    01.06.2025 ж.

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы

    Е.Тәжібаев «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округінен «Төрткүл Құс» АШӨК төрағасы ретінде (СПК) құс шаруашылығын дамыту мақсатында 22 млн.теңге сомасында несие қаражатымен қаржыландырылды.

    Жеке қабылдауда көтерген мәселесі бойынша, қазіргі уақытта бизнес орны ретінде ұсынылған жер телімінің құжаттары заңды күшіне енбегендіктен, ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив (СПК) мүшелерінің несие алу мүмкіндігі шектеліп отыр.

    Осыған байланысты, жер телімін толық заңдастырған жағдайда, ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив (СПК) мүшелерін «Ауыл аманаты» бағдарламасымен, ішкі ережелерге сәйкес толықтай қаржыландыру мүмкіндігі бар екендігі туралы «Төрткүл Құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Тажибаев Ерліхан Әтірханұлына толық түсіндірілді.

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелендіруді оңтайландыруды зерделеп, ұсыныс беру.

    21.04.2025 ж.

    Жол саласы

    11

    9.

    Шұбарсу ауылындағы ішкі көшелерден орталық жолға қосылатын жолдарды асфальттау мәселесі.

    Шұбарсу ауыл округінің «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы

    Қайрат Таженов.

    Шұбарсу ауылындағы ішкі көшелерден орталық жолға қосылатын әлеуметтік маңызына қарай жолдарды орташа жөндеуден өткізу.

    01.12.2025 ж.

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    2025 жылы Шұбарсу ауылында «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 14 шақырымды құрайтын 6 орталық көшеге асфальт төсеу жұмыстары жоспарланып, 2025 жылдың қыркүйек айында толығымен аяқталды.

    Тұрғын үй саласы

    12

    10.

    Темірлан ауылынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін тұрғын үйлер салу мәселесі.

    Темірлан ауылының тұрғыны Оңалбеков Қалдарбек

    Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізіп, кезекте тұрған тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу.

    2025 жыл соңына дейін

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    2026 жылы ақпан айында Темірлан ауылында 152 кредиттік пәтердің құрылысы толық аяқталды.

    Қазіргі таңда, «Отбасы банк» АҚ арқылы пәтерді сату бойынша келісімшарт түзілді. Жоспарға сәйкес тұрғын үйлер сатылымға шығарылатын болады.

    Экология саласы

    13

    11.

    Ақбұлақ ауылындағы «Зауыт Модуль» зауытынан шығатын түтіннің зияны туралы, аталған зауытты жабу мәселесі.

    Ақбұлақ ауылының тұрғыны

    Сырым Мұсабаев.

    «Зауыт Модуль» зауыт жұмысының талапқа сәйкестігі жөнінде зерделеу, нәтижесімен, тұрғындарға түсіндіру.

    04.05.2025 ж

    Облыстық экология департаменті

    (келісім бойынша)

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    18.04.2025 жылы аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратовтың төрағалығымен арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдерімен Ақбұлақ ауылының жергілікті тұрғындарына «Зауыт Модуль» ЖШС-нің жер қойнауын пайдалануының заңдылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда, зауыт ғимараты Ақбұлақ елді мекенінің шегінен 418 м қашықтықта елді мекеннің шығыс аумағында талапқа сай орналасқаны (ең жақын тұрғын үймен қашықтығы 540 м), «Зауыт Модуль» ЖШС ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен 01.03.2022 жылы (2032ж. дейін) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған №1644-EL санды лицензия парағын алғаны айтылды. Сонымен қатар, мобильді топпен тұрақты рейдттік іс-шаралар өткізілетіні түсіндірілді.

    2025 жылдың шілде айында мобильді топпен рейдтік іс-шара барысында «Завод Модуль» ЖШС заңсыз жер қойнауын пайдалану фактісі анықталған. Шара қолдану үшін алгоритмге сәйкес акт түзіліп, облыстық экология департаментіне хат жолданды.

    Денсаулық саласы

    14

    12.

    Баласының денсаулығына тиісті деңгейде қарамағаны үшін аудандық, облыстық медицина мекемелеріне шағым мәселесі.

    Темірлан ауылының тұрғыны

    Клара Сәткен.

    Баланың денсаулық жағдайы бойынша бақылауға алып, тиісті медициналық көмек керсету.

    Тұрақты

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

    К.Сәткеннің ұлы Б.Жұмабек 02.02.2011 ж.т. 13.03.2025ж. Ордабасы аудандық орталық ауруханасына аймақтық дәрігерге аяқтарынын қақсап ауруына және сан аймағының ісінуіне шағымданып келген. Аймақтық дәрігер қажетті мамандарға, лабороториялық және инструментальды зерттеулерге жіберген. 17.03.2025ж. ревматолог маманының кеңесінде болып, анализ қорытындылары (СРБ 31.99 мг/л: АСЛО-2445.0 МЕ/л) қалыпты мөлшерден жоғары болуына байланысты шұғыл түрде Ордабасы аудандық орталық ауруханасының балалар бөліміне ем алуға жолданған. 21.03.2025ж. емі толық аяқталмай, анасының тілхатымен үй жағдайына шығарылған. 18.03-19.03.2025ж. Облыстық балалар ауруханасына ревматолог маманына жолданған, алайда ауруханада ем алып жатуына байланысты бара алмаған.

    27.03.2025ж. ревматолог және хирург маманы сан аймағында пайда болған қатты инфильтратты анықтау мақсатында қосымша зерттеуге (02.04.2025ж. жұмсақ тіндердің УДЗ-ға Шымкент қалалық диагностикалық орталығына) жолданған, алайда анасы жұмыстан шыға алмайтынын айтып, бара алмаған. 03.04.2025ж. Облыстық балалар ауруханасына қайта жұмсақ тіндердің УДЗ, хирург, ревматолог мамандарына жолданып, толық тексерулерден өткізілді. (УДЗ: УЗ признаки образования н/3 бедра слева (с гнойным отделяемым) с отеком мягко-тканных структур). Хирург кеңесінде «Флегмона в области левого колоенного сустава» диагнозы қойылып, шұғыл түрде Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінде отаға алынып, ем қабылдап шыққан.

    2025 жылғы шілде айында Астана қаласының №2 қалалық балалар ауруханасында ем қабылдаған, тамыз айында Сарыағаш балалар шипажайында оңалту емін қабылдаған.

    Қазіргі таңда, науқастың шағымдары жоқ, аймақтық дәрігердің бақылауында.

    Білім саласы

    15

    13.

    Шұбар ауылындағы №18 колледжін сенімгерлік басқаруға өткізбеу мәселесі

    Шұбар ауылының тұрғыны Рсымбетов Әбдіманап

    Шұбар ауылындағы №18 колледжінің сенімгерлік басқаруға өткізу заңдылығын зерделеп, өтініш иесіне жауап жолдау.

    11.04.2025 ж.

    Облыстық білім басқармасы

    «Бөрте-Милка» ЖШС-і 2025 жылдың 24 ақпанда облыс әкіміне білім басқармасына қарасты Ордабасы ауданындағы №18 колледжді сенімгерлік басқаруға алу туралы ұсыныс хат жолдаған болатын.

    Алайда, 2025 жылдың 29 сәуірде басқарма басшысының м.а А.Қасымбекованың атына сенімгерлік басқаруға алу туралы өтініштерін кері қайтарып алу және жобадан бас тарту жөнінде шешім қабылдағаны туралы №40 шығыс хаты келді.

    Өзге салалар

    16

    14.

    Шұбарсу ауылындағы жылы жайлардағы жалдамалы жұмысшылардың бір күндік жал ақысын көбейту мәселесі

    Шымкент қаласының тұрғыны Көпбаев Бақытжан

    Заңнама талаптарына сәйкес жылы жайлардағы жұмысшылардың жалақысын көтеру мүмкіндіктерін қарастыру, нәтижесімен, өтініш иесіне жауап жолдау.

    18.04.2025 ж.

    Ордабасы ауданының әкімдігі

    Аудан бойынша жылыжайлардағы жұмысшылардың жалақысы әр шаруашылыққа байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі таңда Шұбарсу ауыл округінде орналасқан жылыжайларда жиын терін маусымында 50-ден астам жергілікті тұрғындар жұмыс істейді. Орташа жалақы мөлшері 130-150 мың теңге. Жұмысшылардың жалақы мөлшері жұмыстың көлеміне және өнімнің түріне шаруа қожалықтың қаржылық жағдайына байланысты өзгеріп отырады (хатпен жауап беріліп, түсіндірілді).

    17

    15.

    Елді мекенде сауда-саттық жүргізу уақытында жергілікті полиция қызметкерлерінің ескертусіз айыппұл салуына шағым білдіру мәселесі.

    Арыстанды ауылының тұрғыны

    Найманбаева Оразгүл.

    Елді мекенде сауда-саттықты заң аясында жүргізу мәселесін түсіндіру.

    04.05.2025 ж.

    Облыстық полиция департаменті

    (келісім бойынша)

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Елді мекенде 2025 жылдың сәуір айында сауда-саттықты заң аясында жүргізу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Сонымен қатар, аудан аумағындағы кәсіпкерлерге және сауда нысандарының аумағында сауда-саттықты жүргізу заңдылықтары бойынша түсіндірме жүргізілді.

    18

    16.

    1. Мал ауруларының кейбір түрлері бойынша мемлекет тарапынан берілетін тегін вакциналардың тізімінен алынып тастауына қарсылық мәселесі туралы.

    Мемлекет тарапынан берілетін тегін вакциналардың тізімінен алынып тасталған мал аурулары бойынша тегін вакцина бөлу мәселесін қарастыру, өтініш иесіне жауап жолдау.

    04.05.2025 ж

    Облыстық ветеринария басқармасы

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 16-07/332 «Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жоспарлау және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (аудандардағы, облыстардағы) және шектес мемлекеттердегі эпизоотиялық ахуал туралы деректер негізінде жүзеге асырылады делінген, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің соңғы 3 (үш) жылдағы эпизоотиялық мониторингінің деректері негізінде аса қауіпті ауруларды енгізілмеді. Егер аса қауіпті аурулар зертханалық тексеру нәтижесінде оң белгі берген жағдайда, эпизоотиялық жоспарға өзгеріс еңгізу бойынша ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне ұсыныс еңгізілетін болады.

    19

    2. Ақбұлақ ауылына жергілікті ветеринар дәрігерлерін жұмысқа орналастыру мәселесі.

    Ветеринария дәрігерлерінің жұмысқа орналасу заңдылығын зерделеп, өтініш иесіне жауап жолдау.

    18.04.2025 ж

    О.Есполат өз мамандығы бойынша ветеринарлық дәрігер ретінде жұмысқа орналастыруға негіз білдірген, нәтижесінде 20.05.2025 ж. қолданыстағы заң талаптарына сәйкес О.Есполат тиісті ауылдық округке ветеринарлық дәрігер болып жұмысқа орналастырылды.

    20

    3. Ақбұлақ ауылының
    3 көшесін асфальттау мәселесі.

    Ақбұлақ ауылының тұрғыны Әмірбек Сәбит.

    Көшелерді орташа жөндеуден өткізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеп, тиісті бюджетке ұсыныс енгізу.

    30.10.2025 ж

    Ордабасы ауданы

    әкімдігі

    Аудан әкімдігі тарапынан 55 млн.теңге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Алдағы өтетін аудандық бюджеттік нақтылауға ұсынылды.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамы

    1. Алтаев Ертай Кенжебекұлы Түркістан облысы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; 2. Намазбаева Инара Әбдіғаппарқызы Түркістан облысы мәслихатының депутаты, Түркістан облысы «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестіг...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Отчет по внутреннему контролю качества оказания государственных услуг за 1-квартал 2026 года

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін тiзiлiмге сәйкес жергiлiктi атқарушы органдармен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттiк қызметтiң 183 түрi және олардың ішінде 147кіші түрлері, сондай-ақ қоғамдық маңызы бар 6 қы...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама)

    Ішкі конкурс нәтижесі бойынша конкурс комиссиясының шешімі (09.07.2026 жылғы №34-2 хаттама) № А.Ж.Т. Ұсынылған лауазым атауы 1. Тогузбаев Айдос Мусиралиевич Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Е-1 сан...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІ: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы

    Облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптар әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 9-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Түркістан облыстық мәслихатыШЕШТІК: 1. Түркістан облыстық мә...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды:
    Бюджет

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы

    Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 45-бабының 4-тар...

    Түркістан облысының әкімдігіЖарияланды: