Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Мәртөк аудандық мәслихатының кезекті елу төртінші сессиясының күн тәртібіне мынадай сұрақтар енгізілсін:
1) Аудан әкімдігінің 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
2) 2025 жылғы Мәртөк ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерінің орындалуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
3) «2026-2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары туралы» Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 280 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: А.Т.Жұмабаева – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
4) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 165 «Мәртөк аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5) Мәртөк аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпаратшы: Е.Э.Тыныспаев – аудандық сайлау комиссиясының төрағасы.
6) Мәртөк ауданы халқының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік шараларды іске асыру жөніндегі «Мансап» орталығының қызметі туралы.
Баяндамашы: В.В.Логвиненко – «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мәртөк ауданының Мансап орталығы» филиалының директоры.
7) Аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Ақпаратшы: А.Ж.Сасырауов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы.
8) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 158 «Аудан әкімі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
9) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 160 «Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
10) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 1 маусымдағы № 162 «Аудандық бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізу туралы.
11) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 209 «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
12) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 210 «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
13) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
Т.Көлкебаев |