Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 78-тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Мәртөк аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 280 «2026–2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
2026–2030 жылдарға арналған Мәртөк ауданының даму жоспары (бұдан әрі-Жоспар) осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Аудандық бөлімдер Жоспарда көзделген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдасын.
- Экономика және қаржы бөлімі аудандық бөлімдермен бірлесіп, белгіленген тәртіпке сәйкес, Жоспардың іске асырылуын және мониторингін қамтамасыз етсін.
Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы |
Т.Көлкебаев |