«Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол
2026 жылғы 2 желтоқсанда БЖЗҚ барша ниет білдірушілерді дәстүрлі «Ашық есік күні» жобасы аясында өтетін онлайн-кездесуге қатысуға шақырады.
Іс-шара тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол».
Кездесу барысында қатысушылар төмендегідей маңызды ақпараттармен таныса алады:
·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты енгізілген өзгерістер;
·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруқұралдары;
·инвестициялық портфельді басқарушы компанияны және инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға беру тәртібі;
·басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізіп, шешім қабылдау үшін салымшыларға қолжетімді ақпарат;
·зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз ете алатынқорғау тетіктері;
·зейнетақы аннуитеті, кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алады;
·зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатындапайдалану талаптарымен шарттары.
Негізгі күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, қатысушылар БЖЗҚ мамандарынан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша білікті кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Белгіленген уақытта онлайн-кездесуге төмендегі сілтеме арқылы қосылуларыңызды сұраймыз:
1)Уақыты 10.00-11.00 с. Кеңеске сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mdf2942a0fe64251825c8d7e3bbffa90c
Кеңестің нөмірі 2513 654 9308
Құпиясөз1234
2) 12.00-13.00 с. Кеңеске сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m40ab02cb76c1057d375abe81fb6f70eb
Кеңестің нөмірі 2514 646 4678
Құпиясөз 1234
3)14.00-15.00 с. Кеңеске сілтемеhttps://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m03dad654503bf4289939ab37a48a1f0f
Кеңестің нөмірі 2511 127 1034
Құпиясөз 1234
4) 16.00-17.00 с. Кеңеске сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m62b50c89284d714ed7a6f7d124512ff2
Кеңестің нөмірі 2511 917 6866
Құпиясөз 1234