Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша қайта конкурс

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша қайта конкурс (бұдан әрі – конкурс) жариялайды.

    Конкурстың өткізілетін күні мен орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғ. 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

    Кәсіпорынның орналасқан жері: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Ладушкин көшесі, 120А.

    Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: медициналық қызметтер, оның ішінде консультациялық-диагностикалық, стационарлық және оңалту көмегін көрсету.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білімі, сондай-ақ мына талаптардың біріне сәйкес келуге тиіс:

    1) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

    2) денсаулық сақтау немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл тәжірибесінің болуы;

    3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктеріндегі мүшелігі.

    1. Мынадай:

    1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

    2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

    3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

    4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адам байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайланбайды.

    Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін түрде);

    2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

    3) өмірбаян (еркін түрде);

    4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат растаған көшірмесі;

    5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариат растаған көшірмесі;

    6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

    Конкурсқа қатысушының өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным туралы құжаттардың көшірмелері) беруіне болады.

    Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

    Құжаттарды қабылдау басталатын күн – мерзiмдi баспасөз басылымдарына конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күн.

    Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғ.8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс.

    Конкурс өткізу күні – конкурсқа қатысу туралы өтініштерді ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейінгі жұмыс күні.

    Кандидаттың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде сұбхат өткізіледі.

    Жүктеу
    c30f48d5fc411799739b69a3c6ab56d9_original.25670.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    ҚР ДСМ 2026 жылғы 1 шілдедегі бюджет қаражатының игерілуі туралы

    Об освоении бюджетных средств на 1 июля 2026 года

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің 2026 жылғы I-жартыжылдығындағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің 2026 жылғыI-жартыжылдығындағы қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойыншаТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА Астана қ. 202...

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған халықпен кездесу өткізу графигі

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесіндегі ішкі бақылауды күшейтуде: Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында аудит аяқталды

    Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесіндегі ішкі бақылауды күшейтуде: Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында аудит аяқталды

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесіндегі ішкі бақылауды күшейтуде: Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында аудит аяқталды

    Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау жүйесіндегі ішкі бақылауды күшейтуде: Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында аудит аяқталды

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т. С. Сұлтанғазиевтің Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Бұйрық

    «Ұлттық электрондық денсаулық паспорты мен электрондық ақпараттық ресурстарға ұсынылатын деректердің көлемі мен еселігін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №906 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ҚР ДСМЖарияланды:
    Жоспар

    ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Т. С. Сұлтанғазиевтің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі барысында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-қимыл жоспары

    ҚР ДСМЖарияланды: