Осакаров ауданы әкімдігінің «Осакаров ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Осы жобаның мақсаты – инватакси қызметтерін алушылар санатын кеңейту мәселелерін реттейтін, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген Осакаров ауданы әкімдігінің бұрын қабылданған үш қаулысының күшін жойылды деп тану.
Осы қаулыны қабылдау қаржылық шығындарды талап етпейді.
Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталына орналастырылуға жатадыhttps://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15948189 .
Осакаров ауданы әкімдігі қаулысының жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды.