2026 ж. 17.11. № 43-НҚ "Медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы"

    ҚР ДСМ Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы
    1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы
    № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес,
    БҰЙЫРАМЫН:

    1.Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылсын.

    2.Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Бақылау және қадағалау басқармасы
    (бұдан әрі – Комитет) осы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерін және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама ұйымын (бұдан әрі – Сараптама ұйымы), «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамын,
    «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінжәнеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынжазбаша (еркін) түрде хабардар етсін.

    3.Осы бұйрықтың орындалуы Комитеттің жетекшілік ететін төраға орынбасарына жүктелсін.

    4.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Фармация комитетінің төрағасыБ.Жүсіпов

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    2026 ж. 04.11. № 31-НҚ "Дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы"

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқт...

    Бұйрық

    2026 ж. 04.11. № 29-НҚ "Дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы"

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 78 «Медициналық қолдануғ...

    Ереже

    ФКД туралы ереже

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер 1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық с...