Дербес компьютерлер, планшеттік дербес компьютерлер, ноутбуктер және бейнематериалдар ғимараттың шатыры деңгейінен жоғары ластанған ауаны бұру үшін тұрғын үй-жайларынан оқшауланған желдеткіш арналар құрылғысымен дыбыс оқшаулауды және желдетуді қамтамасыз ету кезінде үй-жайларда орналастырылады. Компьютерлік сыныптарда жарықтандырудың, микроклиматтың Санитариялық қағидаларда келтірілген нормаланатын параметрлерін сақтау үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі. Жасанды жарықтандыру кезінде жарық көзі ретінде люминесценттік және жарықдиодтық шамдар пайдаланылады. Монитордың экранында жарқылды болдырмау үшін терезе ойықтары күндізгі жарықты өткізбейтін қорғаныш құрылғыларымен жабдықталады.
Үй-жайларды әрлеу үшін жуу құралдарын қолдана отырып, ылғалды әдіспен жинауға болатын материалдар қолданылады.Үй-жайлардағы еденнің беті антистатикалық қасиеттері бар материалдардан ойықсыз және саңылаусыз жасалады. Үй-жайлар, жиһаз және жабдық ретпен және таза ұсталады. Үй-жайды әрлеудегі ақаулар және жабдықтың, жиһаздың бұзылуы уақтылы жөнделуге және ауыстырылуға жатады. Жұмыстың басталуы алдында және сабақтардың әрбір академиялық сағатынан кейін өтпелі желдету жүзеге асырылады.
Электронды-сәуле түтігі базасындағы дербес компьютерлер және БТ-ны пайдаланушылардың бір жұмыс орнының ауданы қатарластырып орналастыру кезінде кемінде 6 шаршы метрді (бұдан әрі – м2), орталықта және периметралды орналастыру кезінде – 4 м2, тегіс дискреттік экрандар (сұйық кристалл, плазмалық, жарықдиодтық) базасындағы БТ-ны пайдалану кезінде кез келген орналасу кезінде 4 м2-ді құрайды. ПлДК-ны, ноутбуктерді пайдаланушылардың бір жұмыс орнының ауданы – 2,5 м2.
Компьютерлердіорналастырудаүшнұсқаныңбіріпериметралдықатармен(2-3-қатарлы),орталықтаорналастырупайдаланылады
Периметралды орналастыру кезінде терезе ойықтары бар қабырға мен үстелдер арасындағы арақашықтық – 0,5 метр (бұдан әрі – м), қабырға мен үстелдер арасындағы арақашықтық – 0,4 м. Қатар орналастыру кезінде бір бейнемонитордың сыртқы беті мен екіншісінің экраны арасындағы арақашықтық кемінде – 2 м, бейнемониторлардың бүйір беттері арасындағы арақашықтық кемінде – 1,2 м, бір орындық компьютер үстелдерін екі-үш қатардан орналастыру кезінде әрбір қатардағы үстелдің бүйір жақтаулары арасындағы арақашықтық кемінде – 0,5 м. Орталықта орналастыру кезінде компьютерлер бар жұмыс үстелдері бөлінбей екі қатармен және бейнемониторлардың экрандары қарама-қарсы жаққа қаратылып, шахматтық тәртіппен немесе мониторлардың сырт жақтары бір-біріне қарама-қарсы қаратылып, ортада орнатылады, бұл ретте бір бейнемонитордың сыртқы беті мен екіншісінің экраны арасындағы арақашықтық кемінде – 2 м.
Үстелдіңжұмысістейтінбетініңбиіктігі(еденнен) 640 - 800миллиметр(бұданәрімм)шегіндереттеледіүстелдіңжұмысістейтінбетініңені– 800, 1000, 1200және1400мм. Бейнемонитор экраны пайдаланушының көзінен 600 – 700 мм қашықтықта, бірақ алфавиттік-цифрлық белгілердің және символдардың өлшемдерін есепке ала отырып, 500 мм-ден жақын емес қашықтықта болады. Компьютердің құрамдас бөліктерін (пернатақта, монитор, процессор және т.б.) өңдеу ДК-ны, ПлДК-ны, ноутбуктерді және БТ-ны күтуге арналған құралдармен жүзеге асырылады. Ақаулы және істен шыққан компьютерлерді сақтау үшін балалардың қолы жетпейтін жеке үй-жай көзделеді. Физикалық факторлар көздерін орналастыру және пайдалану кезінде адам денсаулығына зиянды әсерді болдырмау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу кезінде және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезінде компьютерлік сыныптардағы жұмыс орындарында аспаптық өлшеулер жүргізіледі.
2026 жылдың есепті кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары бақылаудағы объектілерде электромагниттік өрістердің кернеулігін 2446 өлшеді, гигиеналық нормативтерден 135 ауытқу белгіленді. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Өткізілген іс-шаралардан кейін ЭМӨ бойынша асып кетулер анықталған мектептер нормативтерге сәйкес келтірілді.