Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке
деген қызығушылығын арттыру және батырлар жырын кеңінен дәріптеу мақсатында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!»
облыстық байқауының І кезеңі ұйымдастырылды.

Байқаудың І кезеңіне Приозерск қаласының жалпы білім беретін мектептерінен барлығы 19 оқушы қатысты.

Іс-шара барысында оқушылар «Алпамыс батыр» жырынан үзінділерді жатқа айтып, өздерінің мәнерлеп оқу шеберлігін, есте сақтау
қабілетін және ұлттық мұраға деген құрметін көрсетті.

Аталған байқау өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге
және қазақ ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.
