Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«Сарыарқа»арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясын басқару үшін
- Кудабаев Сунгат Болатович;
- Cерғалиұлы Елжан;
- Акшабаев Асет Ильясович;
- Куспеков Махат Куспекович;
«Оңтүстік»арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясын басқару үшін
- Cариев Ерболат Култасович;
- Кушеров Максат Кожабекович;
«Turan»арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясын басқару үшін
- Тулебеков Жасулан Нурланович;
2.Садықов Аблайхан Ержанұлы;
«Национальный индустриальный нефтехимический технопарк»арнайы экономикалық аймағын басқару компаниясын басқару үшін
- Мамбетов Каныш Каиргельдинович
адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың екінші кезеңіне өткен кандидаттардың тізімін жариялайды.
Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқаруға арналған тұлғаларды конкурстық іріктеуді өткізу қағидаларының және көрсетілген тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарының 22- тармағына сәйкес, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқаруға арналған тұлғаларды іріктеу жөніндегі конкурс арнайы экономикалық аймақтар мен мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқаруға арналған тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін екіден кем тұлғаның конкурсқа қатысуына байланысты өткізілмеді деп танылады.
Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады:
1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;
2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;
3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;
4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;
5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);
6) мемлекеттің АЭА басқарушы компанияларына құрылтайшылары мен қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу тәсілдері.
Конкурсқа қатысушылар көрсетілген конкурстық ұсыныстарды ағымдағы жылдың 4 шілдесіне дейін (қоса алғанда) [email protected] электрондық мекенжайға ұсыну қажет.
Байланыстағы тұлға:Серікбаева Динара., тел.: 8 (7172)983-256, +77019562090.