Қазалы ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу жұмыстары 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаға сәйкес жүргізілуде. Бағдарлама Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленіп, Қазалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 қазандағы № 301 шешімімен бекітілді.
2024 және 2025 жылдардың қорытындысы
2024 жылы аудан бойынша 21 768 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналды. Оның 6 880 тоннасы, яғни 31,6%-ы, өңделді.
2025 жылы 22 342 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналып, оның8 386 тоннасысұрыпталды. Қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату үлесі 33,6%-ға жетіп, 2024 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсті.
2026 жылдың тоғыз айындағы нәтиже
2026 жылға 15 775 тонна қатты тұрмыстық қалдық жинау және9 580 тоннасынсұрыптау мен өңдеу жоспарланған. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 12 625 тонна қалдық жиналып, 7 665 тоннасы сұрыпталды.
Полигонды басқару және жаңғырту
Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен «Жалғасбек Досмұқасан» жеке кәсіпкері айналысады. Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4,5 шақырым жерде орналасқан полигон 2024 жылғы тамыздан бастап кәсіпкерге бес жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілген.Полигонның аумағы 5 гектар, кадастрлық нөмірі(10-150-038-1339).Аумағы толық қоршалған.
Полигонды жаңғырту және оның инфрақұрылымын жақсарту мақсатында кәсіпкер тарапынан «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға инвестициялық жобаның құжаттарын ұсынды. Жобаның жалпы құны 74 млн теңге, жобалық қуаты жылына 10 мың тонна.
Алдағы уақытта қалдықтарды тұрақты әкету, бөлек жинау мен сұрыптауды дамыту, сондай-ақ рұқсатсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу бағытындағы жұмыстар жалғасады. Бағдарламаның орындалу барысы аудан әкімдігінің бақылауында.