Онлайн - сауда.

    Қазалы ауданының әкімдігі

    Ғаламтор біртіндеп әлем кеңістігін жаулап алумен қатар пайдаланушылардың саны күннен күнге артып келеді. Ал осымен қоса пайдаланушылардыңғаламтор арқылы ала алатын қызметтері де дамып келеді. Ал ғаламтордағы қызмет түрлерінің ең танымалы бұл интернет – дүкендер арқылы сатылымдар, онда барлығы да бар: аяқ киім, азық – түлік, автокөліктер, үйлер, косметика, ыдыс......

    Интернет – дүкендер неліктен осыншама танылған? Себебі онда сатыпалу оңай. Интернет – дүкен – өзінің мәні бойынша бұл тауарлардың электронды катологы. Бүкіл тауарлар сипатталған, толық мінездемелерімен қамтамасыз етілген, түрлі ракустерден жасалған фотосуреттері бар, бағасы көрсетілген. Интернет – дүкенде сізге қажет затты өзіңіз іздейсіз, тапсырысты рәсімдейсіз және курьер немесе пошта арқылы жеткізілген тауарды аласыз. Жеткізудің түрін де өз бетіңізбен таңдай аласыз.

    Интернет – дүкеннің кәдімгі дүкендермен салыстырғандағы зор артықшылығы – бағасы мен қажет мінездемесі бойынша сай тауарды табу жеңіл. Ештеңені де жазып алудыңнемесе есте сақтаудың қажеттілігі жоқ, тек тауарды таңдау мәзірінде бағалар диапазоны мен қажет сипаттамаларын енгізіп, іздегеннің тізімін аласыз. Таңдауыңызды жасау ғана қалады. Одан бөлек сіз кассада кезекте тұрмайсыз, сатылымды рәсімдеуді күтпейсіз, сіз өзіңіз тапсырыңызды оп-оңай рәсімдейсіз.

    Электронды сауда өзінің қызмет аясын кеңейтіп келетініне қарамастан, электронды сатыпалуларды қауіпсінетін сатып алушылар бар. Бірақ электронды дүкендер өзінің мәні бойынша кәдімгі дүкен сияқты. Ресми түрде жұмыс істейді, салықтар төлейді, өздерінің кассалық аппараты, мөрі бар және сол сияқты. Тек қызмет көрсету формасы басқа – онлайн, деп түсіндіреді Никита. – Үлкен әбестіктердің бірі – егер сайтта сатып алынған тауар сізге ұнамаса, оны қайтару өте қиын. Шын мәнінде оңай, тек барлық ережелерді сақтау керек.Біріншіден, біздің елімізде интернет – сатып алулар келесі заңнамалық актілермен реттелетінін білу қажет:

    Тапсырыс интернет – дүкеннің сайтында құрылады. Яғни осы тапсырыс сатып алу - сату келісімі болып табылады. Онда сатып алынатын тауардың барлық мінездемесі, оның бағасы, қызмет мерзімі мен жарамдылық мерзімі, кепілдік мерзімі, төлеу әдісі мен жеткізудің түрі көрсетіледі. Тауар пошта немесе курьерлік қызмет арқылы сатып алушыға жеткізілгенде онымен бірге жазбаша түрде тауар арқылы ақпарат жеткізіледі. Егер тауар әлі жеткізілмесе, сатып алушы одан кез келген уақытта бас тарта алады.

    Тауарды айырбастау және қайтарып алу тауар пайдаланылмаған болып, оның тауарлық өңі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, фабрикалық затбелгісі, сатып алушыға тауармен қоса берілген тауарлық немесе кассалық чегі сақталған жағдайда жүзеге асырылады. Егер сізде бұл құжаттар болмаса, сатып алу фактісін басқаша дәлелдей аласыз. Сондықтан сатып алғаннан кейін шот-фактура, орамасын (егер сіз тауарды қайтаратын болсаңыз, ол міндетті түрде керек болады), төлем чектерін лақтырмаңыз. Интернет – дүкен сайтындағы тауарды сату және қайтару ережелері бар беттің және сатып алу көрсетілген сіздің жеке кабинетіңіздің скриншотын жасауға да болады. Егер сіз сотқа дейін жеткен жағдайда бұл көмек беруі мүмкін.

    Қайтаруға болмайтын тауар түрлері де бар, әрине, егер ол сапалы болып, өзінің мінездемесіне толық сәйкес болса. Бұл сіз үшін ғана жасалған, сіз ғана пайдалана алатын ерекше тауар, мысалы тапсырыспен тігілген киімдер.

    Өз құқықтарыңызды қорғап, сауатты тұтынушы болыңыз!

    ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Қызылорда облысы, Қызылорда қ., И.Журба көшесі №12 ғимарат, 3-қабат, жедел желі телефоны: 8(7242)71-15-30,71- 15-69.Инстаграмм: dzppkyzylordaФейсбук: ДзппКызылорда

    Жүктеу
    df8afc7ece3f6141ff4fa294fd90ad80b9306f4e7e852680fe1367662fa4a560_original.19461.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазалы ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша атқарылған жұмыстар

    Қазалы ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және өңдеу жұмыстары 2024–2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаға сәйкес жүргізілуде. Бағдарлама Қазақстан Ре...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады? БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар 1. Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін? «Қайта есептеу», «жарналардың түспеуі», «сізге тиесілі төлем» және электрондық кезекті брондау туралы қоңыраулар...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ХАБАРЛАНДЫРУ!

    Қазалы ауданы аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу жөніндегі қосы...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен97,52млн АҚШ долларына 435 046 алушыға төлем жасалды. Оның...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Қазалы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Қазалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 54 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазалы ауданы...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қызылорда облысы Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттардың сайлау жарнасын енгізуге арналған депозиттік шоттарының деректемелері

    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округәкіміне кандидат«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 2-тармағының талаптарына сәйкесең төмен жалақын...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаны пайдаланушылар назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгітжүргізу б...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

    1. Қазалы ауданының Ақжона ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) сайлауын тағайындау Қазалы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 11 қараша (113-1-б. 1-т. 1) т.) 2. Әкім сайлауы жөніндегі тиісті сайлау о...

    Қазалы ауданының әкімдігіЖарияланды: