Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің білім беру саласындағы талаптарға сәйкестігіне 2026 жылға арналған жоспарлы тексерулерінің тізбесі

    ·

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында
    сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ауданның
    (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары
    қызметінің білім беру саласындағы талаптарға сəйкестігіне 2026 жылға
    арналған жоспарлы тексерулерінің тізбесін бекіту туралы


    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 59-1-бабы
    8-тармағына сəйкес БҰЙЫРАМЫН:
    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сəйкес Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің
    аумақтық бөлімшелерінің ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім
    беруді басқару органдары қызметінің білім беру саласындағы талаптарға
    сəйкестігіне 2026 жылға арналған жоспарлы тексерулерінің тізбесін бекіту
    туралы (бұдан əрі – тізбе) бекітілсін.
    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында
    сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан əрі – Комитет) заңнамада белгіленген
    тəртіппен осы бұйрық бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен
    кешіктірмей, тізбені Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жолдасын.
    3. Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары:
    1) тізбені 2025 жылғы 25 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің
    интернет-ресурстарында орналастырсын;
    2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару
    органдарына тізбеге сəйкес жоспарлы тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
    Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің
    төрағасына (С.К. Əшіров) жүктелсін.
    5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


    Министрдің
    міндетін атқарушы М. Мелдебекова

    Жүктеу
    Приказ №294 от 19.12.2025 года
    PDF · 182 КБ
    Жүктеу
    Перечень отделов образования
    PDF · 198 КБ
    Жүктеу
    График проверки
    PDF · 556 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Жоспардан тыс тексерулер: 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы есеп

    Жарияланды:
    Есеп

    Біліктілік талаптарына сәйкестікті тексеру: 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы есеп

    Жарияланды:
    Есеп

    Профилактикалық бақылау: 2026 жылдың 1-жартыжылдығындағы есеп

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

    Жарияланды: