Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

    Қызылқоға ауданының әкімдігі

    Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

    Кесте бойынша зейнетақы төлемдері мынадай тәртіппен есептеледі: төлемдерді алудың бірінші жылында зейнетақы жинақтарының сомасы 6,5% мөлшеріндегі зейнетақы жинақтарының төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне сәйкес ұлғайтылады.Бұл ретте БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі – ЕТК) кемінде 70%-ын құрауға тиіс.

    Алушылардың жекелеген санаттары үшін, атап айтқанда, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адамдарға, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген, жинақтары жиынтығында кемінде 60 ай бойы төленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан адамдарға қатысты Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Егер алушы жоғарыда аталған талаптардың бірнешеуіне бірдей сәйкес келсе, мәні ең жоғары түзету коэффициенті қолданылады.

    55 жасқа толған және өздері үшін жиынтығында кемінде 84 ай бойы МКЗЖ төленген адамдарға зейнетақы төлемдерін есептеу және жүзеге асыру кезінде:

    -зейнетақы төлемінің мөлшеріне қатысты ЕТК-нің кемінде 70%-ын құрауы тиіс деген ең төменгі шек қолданылмайды;

    -түзету коэффициенттері қолданылмайды;

    -жеке зейнетақы шотындағы ЕТК-нің 70%-ынан аз қалдық кезекті зейнетақы төлемінің сомасымен бірге төленбейді.

    Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушының зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

    Егер БЖЗҚ-дан төлем жүзеге асырылатын күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса, жинақтар біржолғы төлем түрінде беріледі.

    Жүктеу
    f7a8b86f5bb9ab0315ba63d262d9bdf65d444c7d5030fa0d1938ab132be89af5_original.14925.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу
    742ad8bdba0dfd2eeba96bf2fadc5c20cdd757cb5ff0a4246b7069a7ab607d00_original.14662.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі

    Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстар есебі Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы мемлекетті...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол

    Хабарландыру «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)Атырау облыстық филиалы 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік кү...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бюллетень

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады? 2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды са...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 1 қараша 2026 жыл

    Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының ХАБАРЫ 1 қараша 2026 жыл «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ!

    ҚҰРМЕТТІ САЛЫМШЫ/АЛУШЫ! ҚР Әлеуметтік кодексінің 35- бабына сай Қордың қызметтері тегін көрсетіледі! Сіз сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, БЖЗҚ АҚ қызметкерларінің корпоративтік әдеп кодексінің талаптарын бұзушылық туралы ке...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысана...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 желтоқсанда № 9946 тіркелді.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы. ҚазақстанРеспубликасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9желтоқсанда № 9946 тіркелді.Акт Министерства или государственные органы от 09.12.2014...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады?

    Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады? Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері Е...

    Қызылқоға ауданының әкімдігіЖарияланды: