Өзекті сауалдар. Алаяқтардан абай болыңыз!

    Жақсы ауданының әкімдігі

    Алаяқтардан қалай сақтанып, зейнетақы жинақтарын қорғауға және дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады?

    БЖЗҚ қызметтері тегін бе?

    БЖЗҚ-ға қатысты өзекті сауалдар мен жауаптар

    1. Алаяқтар қандай негізгі айла-тәсілдерді қолдануы мүмкін?

    «Қайта есептеу», «жарналардың түспеуі», «сізге тиесілі төлем» және электрондық кезекті брондау туралы қоңыраулар мен хабарламалар

    Алаяқтар өздерін БЖЗҚ қызметкерлері ретінде таныстырып, телефон соғады немесе мессенджерлер арқылы хабарлама жібереді. Олар салымшының шотына зейнетақы жарналары түспей жатқанын немесе, керісінше, азаматқа жаңа зейнетақы төлемі не қосымша үстемеақы тағайындалғанын, қайта есептеу жүргізілгенін айтып сендіруге тырысады. Жарналардың аударылмау себептерін анықтау немесе төлемді рәсімдеу сылтауымен жалған қызметкерлер жеке деректеріңізбен бөлісіп,бөлімшелергеэлектрондық кезек брондау үшін SMS-хабарлама арқылы келген кодты айтуды сұрайды.

    Шоттардың бұғатталғаны туралы жалған ақпарат

    Алаяқтар компаниялардың қызметкерлеріне немесе бухгалтерлеріне хабарласып, зейнетақы шотының бұғатталғанын (мысалы, транзиттік шоттарға тыйым салынуына байланысты) мәлімдеуі мүмкін. Содан кейін жәбірленушіні «сот орындаушыларына» бағыттап, жоқ шектеулерді алып тастау үшін айыппұл ретінде ақша аударуды талап етеді.

    Зейнетақы жинақтарын сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдыру туралы ұсыныстар

    Делдалдар тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделу мақсатында, сондай-ақ жинақтарды инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару желеуімен зейнетақы жинақтарының бір бөлігін шығарып беруді ұсынады. Бұл ретте олар көрсететін қызметтері үшін алдын ала төлем жасауды және/немесе банк шотының деректемелерін беруді сұрауы мүмкін.

    Жасанды интеллект технологияларын пайдалану

    Алаяқтар жасанды интеллект технологияларын да қолданады. Мысалы, жалған сайттар жасайды, адамның дауысын қолдан жасап, жалған аудио және бейнематериалдар әзірлейді.

    2. Дербес деректер мен зейнетақы жинақтарын алаяқтардан қалай қорғауға болады?

    БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан телефон арқылы жеке деректерді сұрамайтынын, SMS-кодтарды немесе парольдерді айтуды, сондай-ақ қандай да бір шотқа ақша аударуды талап етпейтінін есте ұстаған жөн.

    Зейнетақы жинақтарын тек заңнамада көзделген жағдайларда ғана алуға болады. Бұл ретте ешқандай делдалдың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

    Кез келген ақпаратты тек БЖЗҚ-ның enpf.kz ресми сайты немесе Қордың ресми байланыс арналары арқылы тексеру қажет. Алаяқтық белгілері байқалған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға хабарласқан жөн.

    Сондай-ақ Қор қызметкерлері зейнетақы жинақтарын аударуға, инвестициялауға, қандай да бір акциялар мен қаржы құралдарын сатып алуға шақыратын түрлі бейнероликтерге қатыспайтынын ескерген жөн.

    3. БЖЗҚ қызмет көрсеткені үшін ақы ала ма?

    БЖЗҚ ескертеді:

    ·Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу делдалсыз және комиссиясыз жүзеге асырылады.

    ·Қорқызмет көрсеткені үшін ақы алмайды,барлық төлемдер заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

    4. Әлеуметтік желілердегі зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аудару, түрлі облигациялар мен акцияларға инвестициялау, қаржылық операциялар жүргізу немесе ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын соманы шешіп алу бойынша делдалдық қызметтер туралы хабарландыруларға сенуге бола ма?

    Зейнетақы активтерін әдепкі тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі инвестициялық басқаруға алады. Ол зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқарушы ретінде Инвестициялық декларацияға сәйкес түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.

    Ұлттық Банктен бөлек, салымшының таңдауы бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) да басқара алады.Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға аударуды салымшы тек өз қалауымен жүзеге асыра алады. Ол үшін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасына электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып кіруге не БЖЗҚ бөлімшесіне жүгінуге болады.

    Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсатында пайдалану тек уәкілетті операторлар (екінші деңгейдегі банктер) арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл үшін де делдалдардың көмегіне жүгінудің қажеті жоқ.

    5. Делдалдар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына балалар туралы мәліметтерді енгізуге немесе осы бағдарлама аясындағы нысаналы жинақтарды алу бойынша көмектерін ұсынады. Олардың қызметіне жүгінген дұрыс па, бағдарламаға қатысу үшін ақы төлеу қажет пе?

    Балаларға нысаналы талаптарды есептеу үшін олар туралы мәліметтерді мемлекеттік дерекқорға енгізу ақылы емес. Бұл мәселеде делдалдардың көмегіне жүгінудің мүлде қажеті жоқ. Ата-аналар немесе баланың заңды өкілдері балалар туралы мәліметтердің бар-жоғын, сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН-і мен туған күні туралы деректердің дұрыстығын өз бетінше тексере алады. Егер мәліметтер жоқ болса немесе қателер анықталса, ата-аналар цифрлық құжаттарын жаңартуы, мемлекеттік дерекқорлардағы мәліметтердің дұрыстығын тексеруі немесе тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.

    Сондай-ақ, 18 жасқа толған азаматтарға нысаналы жинақтарын алу үшін делдалдардың көмегі қажет емес. Олар білім алуға ақы төлеу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында уәкілетті оператор банктер арқылы өтінімді өз бетінше бере алады.

    Нысаналы жинақтарды алу рәсімі тегін. Бұл үшін делдалдардың қызметіне жүгінудің қажеті жоқ.

    Қосымша ақпаратпен өзіңізді қызықтырғансұрақтарға жауаптыkids.enpf.kzсайтынаннемесе БЖЗҚ мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

    2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен97,52млн АҚШ долларына 435 046 алушыға төлем жасалды. Оның...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Шешім

    Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуы мүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Жақсы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының № 99/122 ШЕШІМІ

    Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 29 қараша Дауыс беру кез келген уақытта аяқталуымүмкін сайлау учаскелерінің тізбесін бекіту туралы Жақсы аудандықаумақтық сайлау комиссиясының № 99/1...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    13.11.2026 ж. бос лауазымдар туралы ақпарат

    13.11.2026 ж. бос лауазымдар туралы ақпарат № п/п Мемлекеттік органның атауы Бос орындар(тұрақты) Бос жұмыс орнының құрылған күні Бос орындар(уақытша) Ескерту Жақсы ауданы (штат саны - 115) 1 «Жақсы ауданының жұмыспен...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпараттық хабарлама Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға сеніп тапсыратын салымшылар саны артып келеді

    invest.enpf.kz инвестициялық порталының артықшылықтары мен мүмкіндіктері Бұрын қалай болды? 2021 жылдан бастап салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін жеке басқарушы...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті.12 айдағы өсім – 2,60 трлн теңгенемесе 10,0%. Негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналарынан (МЗЖ)...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін ин...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жақсы ауданының бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Жақсы ауданының бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде депутаттыққа кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) № п/п Тегі, аты, әкесінің аты Туған жылы Жұмыс орны, атқараты...

    Жақсы ауданының әкімдігіЖарияланды: