Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді және әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі?

    Степногорск қаласының әкімдігі

    Отбасының цифрлық картасы қалай жұмыс істейді және әл-ауқатты бағалау кезінде не ескеріледі?

    Қазақстанда 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы жұмыс істейді. Бұл құрал мемлекетке отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалап, олардың қандай әлеуметтік қолдауға мұқтаж екенін анықтауға мүмкіндік береді.

    Бүгінде жүйе 6,2 млн отбасын немесе шамамен 20,4 млн адамды қамтиды. Ол 30 цифрлық жүйедегі мәліметті пайдаланаотырып, қ ажетті ақпарат ты автоматты түрде жинақта йды.

    Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасы отбасының жағдайын екі негізгі бағыт материалдық әл-ауқаты мен өмірлік жағдайлары бойынша бағалайды

    Материалдық әл-ауқатты бағалау кезінде отбасының активтері, атап айтқанда, тұрғын үй, автокөлік, жер учаскесі және коммерциялық жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы, кәсіпкерлік қызметке қатысуы, сондай-ақ кредиттік жүктемесі ескеріледі. Бұл ретте мүліктің бар-жоғы ғана емес, оның сипаттамалары да маңызды рөл атқарады. Мәселен, пәтер, автокөлік немесе шағын жер учаскесінің болуы отбасының нақты ауқатты екенін білдірмейді.

    Сонымен қатар жүйе отбасы мүшелерінің жасын, балалары, мүгедектігі бар және созылмалы аурулары бар адамдардың болуын, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайына әсер етуі мүмкін өзге де өмірлік мән-жайларды ескереді.

    Мысалы, екі отбасының табысы бірдей болғанымен, олардың тұрмыс жағдайы әртүрлі болуы мүмкін. Бір отбасында ата-ананың екеуі де жұмыс істесе, екіншісінде барлық отбасы мүшесінасырайтын тек бір адам. Оның үстіне отбасында кішкентай балалар немесе қосымша күтім мен шығынды қажет ететін мүгедектігі бар адамдар дың болуы да отбасы деңгейін анықтауда назарға алынады

    Сондықтан Отбасының цифрлық картасы отбасылардың әл-ауқатын бағалау кезінде тек табысын ғана емес, сонымен бірге мүлкін, отбасы құрамын және өмірлік жағдайларын да ескереді

    Жинақталған деректер негізінде отбасының әл-ауқат деңгейі санатт ард ың бірі бойынша айқындалады: жоғары, ауқатты, қанағаттанарлық, экономикалық осал немесе экономикалық және әлеуметтік осал.

    Бұл ретте бағалау цифрлық жүйелерден түсетін жаңартылған мәліметтер негізінде тұрақты түрде жүргізіледі.

    Отбасының цифрлық картасының басты мақсаты – әр отбасының нақты жағдайын барынша дәл бағалап, оның өмірлік мән-жайларын ескере отырып, қажетті әлеуметтік қолдауды ұсыну.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    eGov Mobile қосымшасындағы әл-ауқатты бағалау калькуляторы қалай жұмыс істейді?

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Әл-ауқатты бағалау калькуляторы» сервисінің жұмысына қатысты түсініктеме береді. Оның көмегімен жәрдемақы алушылар өз отбасыныңәлеу...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Еңбек министрлігі цифрлық сервистерді түсіндіруді жалғастыруда: eGov Mobile қосымшасында әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі қолжетімді

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2026 жылғы қазан айынан бастап «Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардан ерікті түрде бас тарту» цифрлық сервисін іске қосты. Сервис тек әлеуметтік т...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру, оның атаулылығын арттыру және мемлекеттік ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз ету мақсатында пилоттық жо...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫ

    «Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ басшысы А.С. Жексенбаеваның ____________________________ 2026 жылғы «17»қараша № 20 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ «Степногорскқаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің С...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту туралы

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Степногорск қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерін белгiлеу туралы

    Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Степногорск қаласының ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтiк қамсыздандыру,бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айна...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды:
    НҚА жобасы

    Жоба 2027 жылға арналған Степногорск қаласы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы, цифрлық технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

    Жоба 2027 жылға арналған Степногорск қаласы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген немесе оқудан оралған денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, архив ісі, мәдениет, спорт саласындағы,...

    Степногорск қаласының әкімдігіЖарияланды: