АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты

    Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол

    «БЖЗҚ» АҚ«Ашық есік күніне» шақырады

    2026 жылғы 2 желтоқсанда«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор)барша ниет білдірушілерді «Ашық есік күні» дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. «Зейнетақы жинақтарыңыз–мүмкіндіктеркөп, таңдау мол» тақырыбындағыкездесуде Қор мамандары зейнетақы заңнамасындағы өзекті өзгерістер, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын басқару және пайдалану мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат береді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі дамып, заңнама жетілдірілген сайын азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мәселелеріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретін тетіктер де кеңейіп келеді. Бүгінде салымшылар өз жинақтарын толық немесе ішінара жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. Сондай-ақ қаржылық мақсаттарына, инвестициялау мерзіміне және тәуекелге дайындығына қарай өздеріне қолайлы инвестициялық портфельді таңдауына, белгіленген талаптарды сақтай отырып, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасуына, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалануына болады.

    Азаматтардың өз зейнетақы құқықтары мен мүмкіндіктерін жақсы түсініп, зейнетақы жинақтарын басқарудың түрлі құралдарының ерекшеліктерінен хабардар болуы және саналы шешім қабылдауы маңызды. Осы мақсатта БЖЗҚ сіздерді «Ашық есік күніне» қатысуға шақырады. Кездесу барысында Қор мамандары қажетті ақпарат беріп, қолданыстағы тәртіптерді түсіндіреді және қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап береді.

    Кездесу барысында сіздер:

    ·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;

    ·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқару үшін қандай құралдарды пайдалана алатынын;

    ·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдау керектігін, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру тәртібін;

    ·басқарушы компанияны таңдау кезінде өз бетінше талдау жүргізу үшін салымшыларға қандай ақпарат қолжетімді екенін;

    ·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;

    ·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;

    ·тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеу үшін зейнетақы жинақтарын қандай талаптар мен шарттар негізінде пайдалануға болатынын біле аласыздар.

    Іс-шара онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қор мамандарынан қажетті түсіндірмелер мен жеке кеңесала алады. Мұндай форматтың басты артықшылығы – әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосылып, өзекті ақпаратты тікелей мамандардан алу мүмкіндігі.

    Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстан халқының қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөледі.Биылғы9 айда ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 44,6 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оларға 880,1 мың адам қатысты. Кезекті «Ашық есік күні» – осы бағыттағы жүйелі жұмыстың жалғасы.

    Бұл іс-шара салымшылар үшін де, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты тақырыптарды ақпараттық кеңістікте жариялап жүрген журналистер үшін де пайдалы болады деп сенеміз.

    Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.

    Белгіленген уақытта төмендегі сілтеме арқылы онлайн-кездесуге қосылуларыңызды сұраймыз:https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m5e378ed75aacfb418e38f15a4d003022.

    Event-кеңес нөмірі:2517 860 5962.

    Event-кеңестің құпиясөзі:2026

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    9fb18837ccbd389b2d0261818f68c16f8572b0c1b34befac69a4adf4db61412a_original.83968.doc
    DOC · 82 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Баспасөз аңдатпасы

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол 2026 жылғы 2 желтоқсанда10-00 деБЖЗҚ барша ниет білдірушілерді дәстүрлі «Ашық есік күні» жобасы аясында өтетін онлайн-кездесуге қатысуға шақырады....

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Хабарландыру

    Хабарландыру!

    «Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге шақырады. Кездес...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Бәйдібек аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі

    1 Шақпақ ауылдық кітапханасы Шақпақ ауылы, С.Әбдіжаппаров №30 Дүйсенбекова Алима Сәрсенбекқызы 87023068032 2 Ағыбет ауылдық кітапханасы Ағыбет ауылы, Молдағұлова №1А Молдабекова Сымбат Алпысбаевна 87787753478 3 Бәйдібек...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kzинвестициялық порталына жүгінетін қазақстандықтардың саны артып ке...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұс...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы ак...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Жыл басынан бері БЖЗҚ көрсеткен қызметтер саны 40 миллионнан асты «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділі...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    Соңғы 12 ай ішінде отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 2,60 трлн теңгеге артты Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі2026 жылдың 1 қазанына 28,30 трлн теңгегежетті.12 айд...

    Бәйдібек ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: