«Ашық есік күні»: Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) 2026 жылғы 2 желтоқсанға жоспарланып отырған «Ашық есік күні» онлайн-кездесуге шақырады. Кездесу тақырыбы: «Зейнетақы жинақтарыңыз – мүмкіндіктер көп, таңдау мол». Іс-шара барысында Қор мамандары зейнетақы заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер және зейнетақы жинақтарын басқару, оны пайдалану мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі баяндап береді.
Мұнда Сіз:
·зейнетақы заңнамасына азаматтардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге байланысты қандай өзгерістер енгізілгенін;
·салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқаруға арналған қандай құралдары бар екенін;
·басқарушы компания мен инвестициялық портфельді қалай таңдауға болатынын, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына қалай беруге болатынын;
·басқарушы компанияны таңдау кезінде салымшылар өз бетінше талдау жасауы үшін қандай ақпарат қолжетімді екенін;
·зейнетақы активтерін қорғау үшін қандай тетіктер қарастырылғанын;
·зейнетақы аннуитеті дегеніміз не, оны кімдер және қандай жағдайларда рәсімдей алатынын;
·зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу ақысын төлеуүшін пайдалануғақойылатынталаптар мен шарттартуралытолыққанды мәлімет ала аласыз.
Аумақтық бөлімшелердің жауапты мамандарынан жеке кеңеспен қатар Сізді қызықтыратын басқа да сауалдарыңызға жауап алуға мүмкіндігіңіз бар.
«Ашық есік күні» 2026 жылдың 2 желтоқсаны күнісағат 10-00 де онлайн форматта өткізіледі.
Іс-шараға қатысу үшін әр ниет білдірушігекездесу басталатын уақыттасілтемеhttps://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m5e378ed75aacfb418e38f15a4d003022бойынша өту қажет. Одан кейін еvent-кеңес нөмірін 2517 860 5962және еvent-кеңестің құпиясөзін 2026 енгізу талап етіледі.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!