Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: « Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан 2026 жылғы 21 мамырдағы келіп түскен №36 шұғыл хабарлама негізінде Байқоңыр ауданы, Жұбанов көшесі, 7 мекенжайында орналасқан «Esil University» университетінің студентінде туберкулездің диагнозын тіркеу фактісі негізінде.
- Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау және қадағалау органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Астана қаласы Байқоңыр ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
- Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):жоқ
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 25.05.2026 ж. - 23.06.2026 ж. аралығы
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Астана қаласы, Байқоңыр ауданы, А.Жұбанов көшесі, 7 мекен-жайында орналасқан «Esil University» мекемесі жанындағы «Astana Clinic» ЖШС медициналық кабинеті
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: жоқ
- Қабылданған шаралар: Тергеп-тексеру барысында санитариялық ережелер бұзушылықтары анықталмады. Санитариялық-алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулы берілді.