Ауыз су сапасының санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі

    ·

    Ауыз су сапасының санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі - бұл халықтың денсаулығын су арқылы таралатын инфекциялардан және уланулардан қорғау үшін сумен жабдықтаудың қауіпсіздігін үздіксіз бақылаудың, зертханалық тексерудің және талдаудың мемлекеттік жүйесі.

    Мониторингтің мақсаттары мен міндеттері:

    • қауіпсіздікті бағалау: судың санитариялық нормалар мен шекті рұқсат етілген концентрациялар (ШРК) нормативтеріне сәйкестік деңгейін анықтау;
    • себептер мен қауіп-қатерлерді анықтау: су көздеріндегі су сапасының нашарлау себептерін анықтау және инфекциялық әрі жаппай инфекциялық емес аурулардың өршуін, сондай-ақ улану жағдайларын ескерту;
    • инфрақұрылым саласындағы реттеу: сумен жабдықтау көздеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру және санитариялық қорғау аймақтары (СҚА) режимінің сақталуын бақылау;
    • тазарту құрылыстары мен су құбыры желілерінің жұмысын бақылау.

    Мониторингтің негізгі объектілері:

    • сумен жабдықтау көздері: ашық су қоймалары, жерасты ұңғымалары, бұлақтар және санитариялық қорғау аймақтары (СҚА) (су алу құрылыстарының айналасындағы оларды кездейсоқ немесе әдейі ластанудан қорғайтын аумақтар);
    • орталықтандырылған жүйелер: станциялар және су дайындаудың барлық кезеңдері (сүзу станцияларында тазарту мен зарарсыздандыру сапасын бақылау), тазарту құрылыстары және таратушы су құбыры желілері (тұйық нүктелерді, резервуарларды және су тарататын колонкаларды тексеру);
    • орталықтандырылмаған көздер: ауылдық жерлердегі қоғамдық құдықтар, каптаждар және су тарататын колонкалар.

    Зертханалық бақылау келесі көрсеткіштер бойынша зерттеулер жүргізу үшін жүзеге асырылады:

    • микробиологиялық (мб): жалпы микробтар саны — 1 мл-де 50 КҚБ-дан (колония құрайтын бірлік) аспайды, ішек таяқшалары тобының бактериялары, колифагтар — норма бойынша 100 мл-де болмауы тиіс;
    • санитариялық-химиялық (с/х): органолептикалық көрсеткіштер (иісі, дәмі, түсі, лайлылығы); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығымен бекітілген Шаруашылық-ауыз су және мәдени-тұрмыстық су пайдалану қауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтеріне (бұдан әрі — Гигиеналық норматив) 1-қосымшаға сәйкес жиынтық көрсеткіштер, сумен жабдықтау жүйелерін өңдеу процесінде суда түзілетін зиянды химиялық заттар мен химиялық заттар;
    • радиологиялық көрсеткіштер: жалпы альфа- және бета-белсенділік (табиғи радиациялық фон шегінде ғана).

    Мониторингтің, соның ішінде су қауіпсіздігін бағалаудың негізгі міндеттерінің бірі — ауыз судың гигиеналық нормативтер мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік деңгейін анықтау; қауіп-қатерлердің алдын алу (судың ластануы мен адамдар денсаулығының нашарлауы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау және жою); жағдайды болжау (маусымдылық пен техногендік жүктемеге байланысті су көздеріндегі су сапасының өзгеруін бақылау).

    Мониторинг аясында 2026 жылдың 6 айында орталықтандырылған сумен жабдықтау нүктелерінен (су таратқыштан, суды тарату желісіне берер алдында және тарату желісінен) гигиеналық нормативтер мен санитариялық қағидаларға сәйкестігін тексеру үшін санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 278 сынамадан алынды.

    Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша ауыз судың нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сәйкес келмеуі микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 1,08%-ды (3 сынама), санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 0,36%-ды (1 сынама) құрады. Ластанған нүктелерде пайдаланушы ұйым — «Астана су арнасы» су құбыры желісінің учаскелерін жуып-шаю және дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді, қайта жүргізілген талдаулар талаптарға сәйкес келді.

    Гигиеналық нормативтерге сәйкес, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының сәйкес келмеуіне бір жыл ішінде зерттелетін сынамалар саны 100-ден кем болмаған жағдайда, 12 ай бойы сыртқы және ішкі су құбыры желілерінің су тарататын нүктелерінен алынатын су сынамаларының тек 5%-ында ғана жол беріледі.

    «Сапалы су — ұзақ әрі белсенді өмірдің кепілі!».

    Жүктеу
    038a46e021b62ef711688e1aa275e067_original.27590.docx
    DOCX · 27 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 08 мамырдағы №190-НҚ «2026 жылдың II жартыжылдығына арналған ерекше бақылау және қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының 2026 жылғы 08 мамырдағы №190-НҚ «2026 ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы

    Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу қағидаларына 7-қосымша Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 1. Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Оң хаттамаларға сәйкес...

    Жарияланды:
    Құжат

    2026 жылғы 2 тоқсандағы Астана қаласының аумағындағы сумен жабдықтау, атмосфералық ауа және су объектілерінің жай-күйіне жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг.

    2026жылғы2тоқсандағыАстанақаласының аумағындағы сумен жабдықтау,атмосфералық ауа жәнесуобъектілерініңжай-күйінежүргізілген санитариялық-эпидемиологиялықмониторинг 2026жылдың2тоқсанындағыАстанақаласының сумен жабдықтау жа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Бақылау мақсатында сатып алу қорытындысы бойынша тамақ өнімдерінің үлгілерін зерттеу нәтижелері (ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: «Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық көпсалалы фтизиопульмонология және ішкі аурулар орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі инфекциялық және паразиттік ауру, улану туралы ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің «№ 5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК 2026 жылғы 4 маусымда №60 ш...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

    Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат Тергеп-тексеру жүргізудің негізі:Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің» 144-4 бабы 3 тармағының 6 тар...

    Жарияланды: