Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, құжат бойынша әсер ету скринингін бастау мақсатында Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне төмендегі құжаттарды жолдайды:
Құжат жобасы, оның негізгі бағыттары мен іске асыру мерзімдері туралы ақпаратты қамтитын материал – «Жетісу облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласының бас жоспары. Түзету» жобасына арналған жалпы түсіндірме жазба;
Құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы – «Жетісу облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласының бас жоспары. Түзету» жобасының бас жоспарының эскизі;
«Жетісу облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласының бас жоспары. Түзету» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсер етудің жалпы сипаттамасы.
СЭО материалдарын әзірлеуші: «Қолдау» ЖШС.
СЭО материалдарының тапсырыс берушісі: «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
СЭО әзірлеуге жауапты орган: Жетісу облысының әкімдігі.
СЭО материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Қоғам өкілдерін (барлық жеке және заңды тұлғаларды) төмендегі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
Бас жоспарды іске асыру қоршаған ортаға елеулі әсер етуі мүмкін бе? Егер мүмкін болса, мұндай әсерлер қандай және оларды неліктен елеулі деп санайсыз?
Бас жоспарды бекіткенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неліктен?
Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭО) жөніндегі есепте Құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неліктен?
Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсерлеріне қатысты өзге де ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыз бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі: 2026–2046 жылдар.
Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 17 қарашадан бастап 30 қарашаға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 30 қараша қоса алғанда).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.
Тел.: 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-13-83.
Электрондық пошта: [email protected].
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде Министрліктің кеңсесінің электрондық мекенжайына жолдауға болады: [email protected].
Құжаттардың Министрлік кеңсесіне келіп түскенін міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.
СЭО материалдары төмендегі интернет-ресурстарда орналастырылған:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында («Қызметі» – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімдері);
Жетісу облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында.