Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

    Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ материалдары) жүргізу үшін мынадай құжаттар келіп түсті:

    1. – «Жетісу облысы Алакөл ауданы Көлбай ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекеннің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы). Түзету» жобасының жалпы түсіндірме жазбасы;
    2. Құжатты іске асыру жоспарланып отырған аумақтың сипаттамасы – «Жетісу облысы Алакөл ауданы Көлбай ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекеннің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы). Түзету» жобасының бас жоспарының эскизі;
    3. «Жетісу облысы Алакөл ауданы Көлбай ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген даму және құрылыс салу схемалары (халқының саны аз елді мекеннің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы). Түзету» жобасын іске асыру кезінде қоршаған ортаға, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына ықтимал әсердің жалпы сипаттамасы.

    СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Колдау» ЖШС.

    СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ.

    СЭБ әзірлеуге жауапты: Жетісу облысының әкімдігі.

    СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

    1) Бас жоспардың іске асырылуы қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

    2) Бас жоспар бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

    3) СЭБ бойынша есепте құжатты іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал елеулі әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

    4) сізде Бас жоспарды іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?

    Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2026-2046 ж.ж.

    Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

    Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы12 қазаннан бастап (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы24 қазанға дейін қоса алған да).

    Байланыс деректері: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

    Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

    Тел. 8 (7172) 74-02-83, 8 (7172) 74-08-90

    e-mail: [email protected]

    [email protected]

    Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде электрондық түрде эл-ектронды мекен-жайға жіберуге болады. Министрлік Кеңсесінің мекен-жайы: [email protected].

    Сіздің құжаттарыңыздың алынғандығы жөнінде, кеңседе +7/7172/74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет.

    СЭҚБ бойынша материалдар орналастырылған:

    Министрліктің сайтында («қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

    Жүктеу
    пояснительная записка
    DOCX · 5,2 МБ
    Жүктеу
    скрининг
    DOCX · 27 МБ
    Жүктеу
    опорный план
    JPEG · 11 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «Әсер ету скринингі материалдарын қарау туралы» ХАБАРЛАНДЫРУ

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, құжат бойынша әсер ету скринингін бастау мақсатында Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының Экология жә...

    Хабарландыру

    Қоршаған ортаға әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) төмендегі қ...

    Хабарландыру

    Қоршаған ортаға әсер ету скринингін қарау туралы Хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін мынадай құжаттар (бұдан әрі –...

    Хабарландыру

    Әсер ету скринингін қарау туралы хабарландыру

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 55-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау (б...

    Хабарландыру

    Хабарландыру

    «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жайпақ ауылының дамыту және салу схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)» жобасы бойынша қоршаған...

    Хабарландыру

    Хабарландыру

    «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылының дамыту және салу схемасы (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасы)» жобасы бойынша қоршаған...

    Хабарландыру

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Жетісу облысы Ақсу ауданы Сағакүресауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген (шағын елді мекендердің бас жоспарларының жеңілдетілген нұсқасы) да...

    Хабарландыру

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ «Жетісу облысы Ақсу ауданы Сағабуйен ауылының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген (шағын елді мекендердің бас жоспарларының жеңілдетілген нұсқасы) д...