«Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ.

    ·

    «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру

    және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

    ЕРЕЖЕ.

    1. Жалпы ережелер.

    1.1. «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі мәтін бойынша бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Тарбағатай ауданы аумағында дене шынықтыру және спорт саласында, мәдениет үйлері мен кітапханаларына басшылықты жүзеге асырады.

    1.2. Бөлім өзінің қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің және әкімдіктің (бұдан әрі мәтін бойынша- облыс әкімі және әкімдігі), аудан әкімінің және әкімдіктің актілеріне (бұдан әрі мәтін бойынша – аудан әкімі және әкімдігі), сондай-ақ осы Ережеге сәйкес іске асырады).

    1.3. Бөлім ұйымдастыру - құқықтық нысандағы заңды тұлға болып саналады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өзінің атауы басылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері мен Қазынашылық органдарында есеп шоты бар.

    1.4. Бөлім өз атынан азаматтық- құқықтық қатынастарға түсе алады.

    1.5. Бөлім егер де заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

    1.6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен бұйрық ретінде актілер қабылдайды.

    1.7. Бөлімнің штат санының лимиті және оның құрылымы қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

    1.8. Бөлімнің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы, Жамбыл көшесі, 17 үй, пошталық индексі: 071501.

    1.9. Мемлекеттік органның толық атауы:

    1) мемлекеттік тілде: «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

    2) орыс тілінде: государственное учреждение «Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Тарбагатайского района».

    1.10. Осы Ереже «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжат болып табылады.

    1.11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Тарбағатай ауданының жергілікті бюджетінен іске асырылады.

    1.12. Бөлімге мемлекеттік органдардың қызметі болып табылатын міндеттемелерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    1.13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

    Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметі жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    1. Мемлекеттік органның, нысаны, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары,

    құқықтары және міндеттері.

    2.1.Мемлекеттік органдардың миссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.

    2.2. Нысаны:

    1) Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және біріңғай мемлекеттік тіл саясатын қамтамасыз ету;

    2) Дене шынықтыру және спортқа бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру.

    2.3. Міндеттері:

    1) Ауданның аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының талаптарын жүзеге асыру;

    2) «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын және мәдениет саласындағы басқа да бағдарламаларды жүзеге асыру;

    3) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің мемлекеттік шығармашылық тапсырысын орналастыру рәсімін әкімшелендіруге уәкілетті оператор болып белгіленеді;

    4) аудандық кітапханалардың жұмыс істеуі, ауданның мәдениет мекемелерін басқару, ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету;

    5) Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамасының аудан аумағындағы орындалуына өз құзыреті шегінде бақылау жасау;

    6) мәдени және тарихи мұраны жандандыру, сақтау, дамыту, тарату мен қолдану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастарды қалыптастыру және реттеу, тарихи ескірткіштерді, материалдық және рухани мәдениетті есепке алу, қорғау, жаналаумен қолдану жұмыстарын ұйымдастыру, тарихи – мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

    7) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

    8) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

    9) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

    10 ) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;

    11) тілдерді дамыту саласында әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану туралы тиісті өзгерістер енгізу;

    12) «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» ҚР заңдарына тілдерді дамыту саласындағы құзыреттіліктерді кеңейту бойынша бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

    2.4. Функциялары:

    • мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
    • Мәдени – көпшілік, шығармашылық іс-шаралардың ережесін жасау, ұйымдастыру;
    • Тренингтер, семнарлар өткізу, бөлім қызметкерлерінің құқықтық білімін көтеру сабағын үйлестіру,
    • Жас таланттарды анықтау, тәрбиелеу бағытында жұмыстар жүргізу;
    • Жеке және заңды тұлғалардың өтініш, арыз – шағымдарын қарау, мерзімінде жауап беру;
    • Сала мамандарын аттестациядан өткізуді ұйымдастыру, біліктілігін арттыратын мәдениет қызметкерлерін анықтау, өтуін ұйымдастыру;
    • Тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тарих және мәдениет ескерткіштерінің паспортын рәсімдеу;
    • Тарихи – мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосуға байланысты ұсыныстар дайындау;
    • Облыстық және басқа іс – шараларға, байқауларға ауданның өкілдерін қатыстыруға дайындайды, таланттардың қатысуын үйлестіреді;
    • Нормативтік - құқықтық заңдылықтарға сай бұйрықтардың, аудан әкімдігінің қаулысы, өкім шешімдердің жобасын дайындайды, кадрлық жұмыстарды жүргізеді;
    • Кадрларды іріктеу мен орналастыру принципін білу, еңбекті бағалау мен төлеудің жүйесін білу, шығармашылық жұмыстардың жоспарлы өтуін қадағалау;
    • Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген стандарттарға сәйкес тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін және және сапасын бақылайды;
    • аудан халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шаралар қабылдау;
    • азаматтарды эстетикалық тәрбиелеуге жағдайлар жасау;
    • мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;
    • мемлекеттік мәдениет ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қамтамассыз ету және материалдық – техникалық базасын нығайту;
    • дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;
    • мәдени құндылықтардың заңсыз әкетілуіне және әкелінуіне, оған меншік иесі құқығының басқаға заңсыз берілуіне тосқауыл қою, оларды кез келген заңсыз иеленуден қайтарып алуға шаралар қолдану;
    • мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастық үшін жағдайлар жасау;
    • Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнаманы іске асыру жөніндегі жұмыс және оның орындалуын бақылау;
    • Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасы негізінде аудандық іс – шаралар ұйымдастыру, шығармашылық жұмыстардың ережесін жасау;
    • Тренингтер, семинарлар өткізу, бөлім қызметкерлерінің құқықтық білімін көтеру сабағын ұйымдастыру;
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін және басқа ұлт тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жолындағы (мекемелердің, мектептердің, кәсіпорындар мен басқа да ұжымдардың) бірлескен іс – қимылдарын үйлестіріп отыру;
    • ауданда мемлекеттік тілді ұтымды дамыту және оның қоғамдық қызметінің аясын кеңейту жөнінде жаңа кешенді бағдарламалар әзірленуіне, оның жүзеге асырылуына үлес қосу;
    • ономастикалық жұмыстарға: елді мекен, жер-су аттарын реттеп, тарихи қалпына келтіруді реттеу;
    • терминдерді анықтау жұмысын қадағалау;
    • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, азаматтардың ұлттық мәдени бірлестіктерге қатысу еркіндігін, мәдениет ұйымдарын құруды, шетелдердегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейтуге қатысуды қоса алғанда, ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғау және дамыту құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету;
    • оқу кинофильмдерін, киноқайталауларды, кинограммаларды, бейне бағдарламаларды , спорт жарыстарын көру талдау;
    • перспективалық жоспар құру және бір жылдық жұмысқа талдау жасау.
    • жеке адамдардың тұрғылықты жерi бойынша және олардың көпшiлiк демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшiн инфрақұрылымды жасайды;
    • Жергілікті бюджеттен дене шынықтыру және спортты дамытуға қажетті қаржы бөлу жөніндегі ұсыныстар әзірлеу және бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету;
    • аккредиттелген аймақтық және жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;
    • спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамассыз етеді;
    • Тарбағатай ауданы аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;
    • Тарбағатай аудан аумағында аудандық дене шынықтыру - спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;
    • спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 2-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы, 3-жасөспiрiмдiк-разрядты спортшы спорттық разрядтарын бередi;
    • мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi бiлiктiлiк санаттарын бередi;
    • спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай өңiрлiк күнтiзбесiн iске асырады;
    • ауданы аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
    • Тарбағатай ауданы аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нысанда және мерзiмдерде облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсынады;
    • аккредиттелген өңiрлiк және жергiлiктi спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларының тiзiмдерiн қалыптастырады және бекiтедi;
    • ресми дене шынықтыру және спорт iс-шараларын медициналық қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
    • дене шынықтыру және спорт iс-шараларын өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етедi;
    • Тарбағатай ауданы аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi және олардың халыққа қолжетiмдi болуын қамтамасыз етедi;

    45) «Тарбағатай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақжар мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының даму жоспарларын сапалы құрастыру, талдау жасау және мерзімінде орындалуына бақылау жасайды.

    46) «Тарбағатай ауданының мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің даму жоспарларын сапалы құрастыру, талдау жасау және мерзімінде орындалуына бақылау жасайды.

    2.5. Құқықтары мен міндеттері:

    1) мәдени және тарихи мұраны жандандыру, сақтау, дамыту, тарату мен қолдану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастарды қалыптастыру және реттеу, тарихи ескірткіштерді, материалдық және рухани мәдениетті есепке алу, қорғау, жаналаумен қолдану жқмыстарын ұйымдастыру, тарихи – мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ету.

    2) аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы мемлекеттік органдардың қызметтерін ұйымдастыруды жетілдеру бойынша аудан әкіміне ұсыныс енгізу, бөлімді жүргізуге енетін мәселелер бойынша ақпараттық-ұқсастық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

    3) бөлімнің өз қызмет саласына енетін, сәйкес келетін мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғаларға тапсырма беру, оларды орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдармен өткізілетін іс-шараларға қатысу;

    4) аудан деңгейінде мәдени іс-шараларды, тілдер саясатын және спорттық шараларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік тапсырыс пен өткізілетін іс-шараларды қаржыландыру;

    5) бөлімді жүргізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға әдістемелік-ұйымдастыру, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

    6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді іске асыру;

    7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар (актілер) жасайды: Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасын бұзу.

    8) оқырмандардың ақпараттық талаптарын қанағаттандыру;

    9) халыққа ақпараттық қызмет көрсетуге бағытталған мәдениет пен кітапханалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамассыз ету, ақпараттық ресурстарды сақтау мен пайдалану;

    10) оқырмандарға көрсететін кітапханалық, анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет аумағын кеңейту;

    11) кітап қорларының сақталуын қамтамассыз ету және толықтыру;

    12) аудан аумағында орналасқан кітапханаларға әдістемелік, кеңестік көмек көрсету;

    13) халықтарға кітапхана ұсынатын қызметтердің барлық түрі жайлы ақпарат беру;

    14) кітапханаларға халықтық түрлі топтарын кеңімен тартуға шаралар қолдану;

    15) оқырмандарға кітапханалық, библиографиялық, анықтама-ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

    16) әдебиеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды насихаттау;

    17) оқырмандарға қажетті басылым мен басқа да материалдарды таңдауда ауызша кеңес беру, әңгімелер, пайдаланушыға анықтамалық-библиографиялық аппаратты ұсыну жолымен көмек көрсету;

    18) оқу кинофильмдерін, киноқайталауларды, кинограммаларды, бейне бағдарламаларды , спорт жарыстарын көру және талдау;

    19) перспективалық жоспар құру және бір жылдық жұмысқа талдау жасау.

    20) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;

    21) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

    22) құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу қатысады және оны іске асыруды қамтамасыз етеді;

    23) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептерді және жағдайларды талдайды, анықтайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды,

    24) уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық бұзушылық профилкатикасы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді,

    25) саламатты өмір салтын қалыптастыруға қатысады;

    26) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс – қимыл жасайды;

    27) құқық бұзушылық профилактикасы бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы масс – медиада ақпараттық жұмыс жүргізеді;

    28) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

    29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

    3.1. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімінен тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады.

    3.2. Бөлім басшысы бөлімге жүктелген міндеттері мен оның функцияларының орындалуына дербес жауапты болып, бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады.

    3.3. Осы мақсатта басшы:

    1) бөлім мамандарының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;

    2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

    3) заңнамада белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

    4) бұйрықтар шығарады;

    5) бөлімнің ережесі мен оның құрылымын аудандық әкімдікке бекітуге ұсынады;

    6) барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға бөлімді таныстырады;

    7) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

    8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады. Бөлімнің басшысының орынбасары бөлім басшысының еңбек демалысы уақытында немесе болмаған кезде ауыстырады.

    1. Мемлекеттік органның мүлкі.

    4.1. Бөлімнің заңнамамен қарастырылған жағдайларда оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы болуы мүмкін.

    4.2. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген, сонымен бірге өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    4.3. Бөлімге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    4.4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бөлімге бекітілген мүлікті қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оқан өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

    5.1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    1. Мемлекеттік органның құзырына қарайтын мекемелердің тізімі.

    6.1. «Тарбағатай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

    • «Ақжар» мәдениет үйі КМҚК;
    • Аудандық орталық кітапхана;

    2.1. 11 - ауылдық кітапханала

    Жүктеу
    6c4762b636cb4b78414043debaf6940c_original.52877.docx
    DOCX · 52 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

    Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары №№ Ауылдық округ Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 11 Ақжар ауылдық...

    Жарияланды:
    Кесте

    2026 жылғы шілдеде жалпымемлекеттік статистикалық байкаулар бойынша алғашқы статистикалык деректерді респонденттердің тапсыру кecтeci

    2026 жылғы шілдеде жалпымемлекеттік статистикалық байкаулар бойынша алғашқы статистикалык деректерді респонденттердің тапсыру кecтeci

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

    ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫНЫҢ САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    ТАРБАҒАТАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

    Жарияланды:
    Жоба

    Тарбағатай ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы

    Шешім жобасы Тарбағатай ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлек...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

    Тарбағатай ауданы бойынша 2026 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» жұмыс жоспарының кестесіне сәйкес, 2026 жылдың 1-ші шілдеден бастап, 2026 жылдың 31-ші шілдесіне дейін Сыбайлас...

    Жарияланды: