Медиация туралы Заң

    Түрксіб ауданы әкімінің аппараты

    Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 401-IV Заңы.

    Қолданушылар назарына!
    Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.

    МАЗМҰНЫ

    РҚАО-ның ескертпесі!
    Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін
    28-баптанқараңыз.


    Осы Заң Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін, сондай-ақ медиатордың мәртебесін айқындайды.

    1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1-бап. Медиацияның қолданылу саласы

    1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің68-бабыныңекінші бөлігінде көзделген жағдайларда ауыр қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

    2. Осы баптың1-тармағындакөрсетілген қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға), егер мұндай даулар (жанжалдар) медиация рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғалардың және сот әрекетке қабілетсіз не әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған адамдардың мүдделерін қозғаса немесе қозғауы мүмкін болса, медиация рәсімі қолданылмайды.

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020
    № 351-VI(01.07.2021 бастапқолданысқаенгізіледі).


    3. Тараптардың бірі мемлекеттік орган болып табылатын кезде, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын дауларға (дау-шарларға) медиация рәсімі қолданылмайды.

    4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы өзге де қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша медиация рәсімі қолданылмайды.

    Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013№ 121-VКонституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014№ 164-V(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014№ 227-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019№ 292-VІ(қолданысқа енгізілу тәртібін2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

    Жүктеу
    df8c5d2a8f5923acba9b14de746fd9759f8f0540900c31420df3543fe6562a42_original.41824.docx
    DOCX · 41 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік сатып алу

    https://zakup.gov.kz/home/plan-items?year_id__in=12&organizer_id__in=5576&system_id__in=1__2__3__6__7

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 қаңтар мен 20 қараша аралығында Түрксіб ауданы әкімінің халықпен өткізген есептік кездесулері туралы АҚПАРАТ

    Бекітілген желілік кестеге сәйкес, 2026 жылдың 11 айында Түрксіб ауданының әкімі халықпен 4кездесу өткізді. 2026 жылғы 20 ақпанда Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжінде аудан әкімінің тұрғындармен 1-жоспар...

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді тағайындау

    1)Еңбек министрлігі 2027 жылғы 11 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың атаулылығы мен әділдігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны іске қосады Қазақ тілінде - https://www.gov.kz/org/enbek/press/news/details/1328412?l...

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    Қазақстан Республикасының Конституциясы

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Басқа

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы

    1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) "А" корпусы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың...

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы аудан әкімінің тұрғындарымен есептік кездесулері туралы ақпарат

    Бекітілген желілік кестеге сәйкес, 2026 жылдың 10 айында Түрксіб ауданының әкімі тұрғындармен 4 кездесу өткізді. Оның ішінде 3 кездесу жоспарлы және 1 кездесу жоспардан тыс өткізілді. 2026 жылғы 20 ақпанда Алматы телеком...

    Түрксіб ауданы әкімінің аппаратыЖарияланды: