Бекітілген желілік кестеге сәйкес, 2026 жылдың 10 айында Түрксіб ауданының әкімі тұрғындармен 4 кездесу өткізді. Оның ішінде 3 кездесу жоспарлы және 1 кездесу жоспардан тыс өткізілді.
2026 жылғы 20 ақпанда Алматы телекоммуникациялар және машина жасау колледжінде аудан әкімінің тұрғындармен 1-жоспарлы кездесуі өтті.Кездесуге 175 тұрғын қатысты, оның ішінде 18 адам өтініштері мен сұрақтарын ортаға салды. Тұрғындардан барлығы 50 сұрақ келіп түсті, оның 39-ы (78%) шешілді, 11 сұрақ (22%) бойынша түсініктемелер берілді.