Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 84-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабына сәйкес, сондай-ақ « Қызылорда қаласының Тасбөгет кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы
15 қазандағы № 03-01/842хатын қарап, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік иесі Ембергенова Анар Акбергеновнаның жеке меншік құқығындағыҚызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Игілікбау-бақша серіктестігі, № 28 үй мекенжайында орналасқан көлемі 800,0 (сегіз жүз) шаршы метр бағбандық үшін (кадастрлық нөмірі
10-156-087-795) жер учаскесін автокөлік жолымен және электр желісімен қабаттасуына байланыстымемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2.Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылғы 11 ақпан болып белгіленсін.
3. Меншік иесі жүгінетін орын Қызылорда қаласы, Ыбырай Жахаев көшесі, № 24,
№ 14 кабинет болып белгіленсін.
4. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының қоғамдық даму бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
5. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
жер учаскесініңменшікиесін ескертсін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қажетті шаралар қолдансын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қаласының
әкіміН. Ахатов