«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14, 44, 113-10-баптарына сәйкес 2026 жылдың08 қарашадаҚызылорда қаласындағы Ақжарма ауылдық округіәкімінің сайлауы өткізілді.
Ақжарма ауылдық округіәкімінің сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №228,№229, №230учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізіндеҚызылорда қалалықсайлау комиссиясыАқжарма ауылдық округіәкімінің сайлауы өтті деп танылғанын хабарлайды.
Ауылдық округ әкімінің кандидаттығына 3 адам ұсынылып, барлық кандидаттар тіркелді және сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.
Сайлаушылар тізіміне 1367 азамат енгізілген. Сайлау бюллетеньдерін 984 адам немесе 71,98 пайызы алды, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде10сайлаушы дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетень саны – 5.
Дауыс беру нәтижесінде кандидат Баймаханов Бердибек Жомартович үшін – 89 дауыс, кандидат Ибраев Мухтар Айшыкович үшін – 732, дауыс, кандидат Шалбол Өркен Санатұлы үшін – 127 дауыс және «Барлығына қарсы» белгісімен – 31 дауыс берілді.
Дауыс беру қорытындысымен Ибраев Мухтар Айшыкович Қызылорда қаласы Ақжарма ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Ибраев Мухтар Айшыкович – 1987 жылы туған, ұлты қазақ, «Ұлар» ЖК басқарушысы, Қызылорда қаласы, Ақжарма ауылдық округінде тұрады. «Әділет» партиясы ұсынған, «Әділет» партиясының мүшесі.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45, 113-11-баптарына сәйкес, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 09 қарашадағы №44 шешімімен Ибраев Мухтар Айшыковичт ыАқжарма ауылдық округ інің әкімі ретінде тіркеді.
Қызылорда қалалықсайлау комиссиясы