«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ақмолаоблысы Сандықтау ауданы әкімдігініңкейбірқаулыларыныңкүші жойылды деп танылсын:
Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5495 болып тіркелген);
Ақмола облысы Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 7 шілдедегі № А-7/150 «Сандықтау ауданының бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 6 тамыздағы № А-8/162 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданыныңм әкіміС. Құдабай