«Тұрғын үй қатынастары туралы»Қазақстан Республикасы Заңы 10-3-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына,«Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 20536 болып тіркелген) сәйкес,Сандықтауауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырғанСандықтауауданындағы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауСандықтауауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкіміС. Құдабай