Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төмендегіні хабарлайды.
«Сыпатай батыр»автомобиль өткізу пунктін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстары аясында 2026 жылғы 25 ҚАРАШАДАН бастап құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін көлік құралдарының қозғалысына уақытша ШЕКТЕУ ЕНГІЗІЛЕДІ.Аталған шектеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында енгізілді.
Осыған байланысты, автокөлік құралдарының бос тұрып қалуын болдырмау мақсатында Сіздерден аталған ақпаратты ескеріп, тасымалдауды жоспарлау кезінде баламалы«Айша бибі»,«Қарасу»және«Қордай»өткізу пункттерін пайдалануларыңызды сұраймыз!