Абай ауданы әкімі аппаратының бағалаушыларды
іріктеу туралы хабарландыруы
Абай ауданы әкімінің аппараты"Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ басшысы, E-R-1"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеу жүргізеді:
-Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталда тіркелуі және[email protected]электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.
Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі:
11.11.2026 ж. - 17.11.2026 ж.