Қарағанды облысы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Абай ауданының Топар кентіжәне Курминауылдық округінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы
2026 жылғы 8 қарашада Абай ауданының Топар кенті және Курмин ауылдық округінің әкімдерінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Абай ауданының Топар кенті және Курмин ауылдық округінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:
Топар кенті бойынша сайлаушылар тізіміне 6284 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 4009 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 50 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Әбдіқадыр Мағжан Оразалыұлына – 263 сайлаушы дауыс берді;
Куликова Анна Николаевнаға – 364 сайлаушы дауыс берді;
Мукашев Алибек Канатовичке– 3168 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 116.
Сайлау қорытындысы бойынша Топар кентінің әкімі болып 1987 жылы туған, «Топар кенті әкімінің аппараты» ММ әкімнің орынбасары, Қарағанды қаласының тұрғыны, Мукашев Алибек Канатович сайланды.
Курмин ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 880 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 661 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 15 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 3.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Какенов Акылбек Сагандыковичке – 38 сайлаушы дауыс берді;
Смаилов Сагындык Сейпилгазовичке – 567 сайлаушы дауыс берді;
Увалеева Айгерим Ануварбековнаға – 35 сайлаушы дауыс берді.
«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 17.
айлау қорытындысы бойынша Курмин ауылдық округінің әкімі болып 1980 жылы туған, ІІМ зейнеткері, Қарағанды қаласының тұрғыны, Смаилов Сагындык Сейпилгазович сайланды.
Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы