Эпидемиологиялық жағдайы
2026 жылдың қазан айында жұқпалы және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Қызамық, қызылша, көкжөтел, күл ауруы, сіреспе, эпидемиологиялықпаротит, жіті вирусты гепатит А,В, менингокок жұқпасы, іріңді жәнесерозды менингит тіркелген жоқ.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, сальмонеллез 31 жағдайға, жіті ішек инфекцияларының тобы2,3 рет, қышыма 4 жағдайға,биттегендік6 жағдайға,төмендеуібайқалды.
Санитариялық аясы
Қазан айында микробиологиялық көрсеткіштерге су құбыры судың 339 сынамасы зерттелді, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 16 (4,7%), санитарлық-химиялық зерттеулерге – 357, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 3 (0,8%). Азық-түлік және сүт өнімдері физикалық–химиялық көрсеткіштерге – 537сынама алынды, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 1 (0,2%), сынамалардың микробиологиялық көрсеткіштеріне – 471, оның ішінде нормативтерге сәйкес келмейтін – 3 (0,6%).