«AUYL ART FEST»вокалдықбайқауыныңөткізілуітуралы
«Accademia di Canto italiano di Batyrzhan Smakov» Қазақстанның ауылдық жерлерінде тұратын балалар мен жасөспірімдерге арналған AUYL ART FEST вокалдық байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды.
Байқау ауылдардағы, оның ішінде шалғай елді мекендердегі дарынды орындаушыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Оған 7–18 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Қалалық үміткерлердің қатысуы көзделмеген.
Іріктеу кезеңі онлайн форматта өтеді. Қатысу үшін эстрадалық немесе көпшілікке танымал әннің орындалуын бейнежазбаға түсіріп, https://art.auyl.kz/ платформасы арқылы өтінім беру қажет. Өтінімді ата-анасы не заңды өкілі толтырады. Қатысу тегін. Өтінімдер 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін қабылданады.
Жеңімпаздар Италиядағы халықаралық музыкалық жобаларға қатысу мүмкіндігіне үміткер бола алады. Қатысу шарттарын ұйымдастырушы қосымша хабарлайды.
Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ақпараттандыруға жәрдемдесіп, қоса берілген материалдар мен платформа сілтемесін ауданның ресми ақпараттық ресурстарында және қолжетімді аудандық ақпарат тарату арналары арқылы жариялауды сұраймыз.
Қосымша: хабарландыру мәтіні, электрондық афиша.
Құрметпен,
Батыржан Смақов.
«Accademia di Canto italiano» жетекшісі
Байланыс: +7-702-2987754