«ASTEL» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 43, 67, 69-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңының 31, 37-баптарына сәйкес Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы Айшабибі, Жамбыл, Көлқайнар ауылдық округтері аумағындағы шаруашылық субъектілерінің жерлерінен «ASTEL» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай көлемі 9,6 гектар жер учаскесіне 3 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. «ASTEL» акционерлік қоғамынапайдалы қатты қазбаларына барлау жұмыстарын жүргізу барысында бүлінген жерлерді қалпына келтіру жүктелсін.
3. «ASTEL» акционерлік қоғамы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу арқылы меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жерлеріне залал келтірген жағдайда төлемақыны өтесін.
4. «ASTEL» акционерлік қоғамына жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы - Жамбыл аудандық бөліміне тіркеу ұсынылсын.
5.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарыН.Мухашевкежүктелсін.