Тергеу нәтижелері туралы ақпарат
1. Тергеу жүргізудің негізі: 2026 жылғы 07 қазандағы Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 22 мекенжайында орналасқан «Детвора» ЖК балабақшасы бойынша А09,0 «Инфекциялық шығу тегі бар басқа және нақтыланбаған гастроэнтериттер мен колиттер» диагнозы бойынша шұғыл хабарлама.
2. Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің "Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы " РММ.
3. Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім):ҚРДСМ СЭБК Павлодар облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы » ШЖҚ РМК филиалының мамандары.
4. Тергеу жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 7 қазаннан 2026 жылғы 5 қарашаға дейін.
5. Тергеу жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: - Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 22 мекенжайында орналасқан «Детвора» ЖК балабақшасы.
6. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарының бұзылу себептері мен сипаты:тергеу барысында микробиологиялық зерттеу қорытындыларына сәйкес, келесі нәтижелер тіркелді: 3 қызметкерде St. aureus анықталды, бұл жағдай «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі № 58 бұйрығы) (бұдан-әрі ҚР ДСМ-16 СҚ) 295-тармақтың талаптарын бұзу сонымен қатар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-152 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 117 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 24 сәуірдегі № 45 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 27 сәуірдегі № 34 бірлескен бұйрығының 36-тармақ бұзу болып табылады; ыдыстан колиформды бактериялар (ішек тобындағы бактериялар) анықталды, № ҚР ДСМ-16 СҚ 4-қосымшаның талаптарын бұзу болып табылады; объектінің қызметкері (аспаз) жұмысқа кіріспес бұрын зергерлік әшекейлерін шешпейді, № ҚР ДСМ-16 СҚ 296-тармағын бұзу болып табылады,күнделікті тамақ үлгілері толық көлемде сақталмаған; № ҚР ДСМ-16 СҚ 282-тармағын бұзу болып табылады. Қорытынды диагноз: К59.9 «Басқа да нақтыланбаған гастроэнтероколиттер» қойылды.
7. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы НҚА талаптарын бұзған жеке және (немесе) заңды тұлғалар - жеке тұлға.
8. Қабылданған шаралар:ҚРӘҚБтК 425 - бабының 1 - бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қысқартылған тәртіппен жеке тұлғаға хаттама.