Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
1.Тергеужүргізудің негізі: « Павлодар қ. №29 орта жалпы білім беру мектебі» КММ оқушысынан 02.10.2026 ж. №5888 тіркелген және «Павлодар қ. №27 орта жалпы білім беру мектебі» КММ оқушысынан 05.10.2026 ж. №5912 тіркелген В35 диагнозы бойынша шұғыл хабарламалар
2.Тексеру жүргізгенбақылау және қадағалау органы – «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (мәліметтерді пайдалануға келісім беру) қатысқан жоқ
4.Тергеужүргізу мерзімі2026 жылғы 6 қазаннан бастап 2026 жылғы 4 қарашаға дейін
5.Өздеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар «Павлодар.қ №5 емханасы» ШЖҚ КМК, медициналық кабинеттер «Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі» КММ, «Павлодар қаласының №27 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
6.Халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты
Ауру жұқтырған адам соңғы рет келген сәттен бастап байланыста болған тұлғаларға 30 күн бойы бақылау қамтамасыз етілді. Заңнама бұзушылықтар анықталған жоқ
7. Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар – бұзушылықтар анықталған жоқ
8. Қабылданған шаралар: Басқармамен санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды