2027-2029 жылдарға арналған Қызылжар
аудандық бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының3) тармақшасына, 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар аудандық бюджет осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6 713 561мың теңге:
салықтық түсімдер – 5 586 117мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 60 428мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 164 743мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 902 273мың теңге;
2) шығындар – 5 275 733 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – -109 379мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 109 379мың теңге;
4)қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 109 379мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 109 379 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –-109 379мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 109 379мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2027 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
1) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығынан;
2) облыстық мәслихатпен белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салығынан;
3) ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы орналасқан осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салықтан;
4) акциздер мыналарға:
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынынан;
5) ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыдан;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымнан (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алымнан);
7) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақыдан;
8) республикалық бюджет есебіне жазылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баждан.
3. Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері мына салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістерден:
ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданныңкоммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;
аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
2)аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдерінен;
3) аудан бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.
4. Қызылжар аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:
1) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшадан;
2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы немесе ауыл аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден;
3) ауыл аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақыдан.
5. Аудандық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, ауданның жергілікті атқарушы органының қарыздарын өтеуден түсетін түсімдер аудандық бюджеттің есебіне жатқызылады.
6. Облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін 902 273мың теңге жалпы сомадағы трансферттер көлемі 2027 жылға ескерілсін.
7. 2027 жылы 603 011мың теңге сомада ауылдық округ бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар белгіленсін, оның ішінде Архангельск – 28 671 мың теңге; Асаново – 11 080 мың теңге ; Березов – 43 037 мың теңге ; Бугровое – 32 732 мың теңге ; Вагулино – 51 372 мың теңге ; Виноградов – 25 872 мың теңге ; Куйбышев – 66 702 мың теңге ; Қызылжар – 42 954 мың теңге ; Лесной – 42 606 мың теңге ; Налобино – 7 080 мың теңге ; Новоникольск – 32 628 мың теңге ; Петерфельд – 35 435 мың теңге ; Рассвет – 79 013 мың теңге ; Рощин – 26 437 мың теңге ; Светлопольск – 22 117 мың теңге ; Соколов – 34 480 мың теңге ; Якорь – 20 795 мың теңге .
8. 2026 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.
Аталған нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен бөлу 2027-2029 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
9. 2027 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетінде республикалық бюджеттен мамандардың әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер ескерілсін.
Аталған бюджеттік кредиттерді республикалық бюджеттен бөлу 2027-2029 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
10. 2027 жылға арналған Қызылжар аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі ескерілсін.
Аталған нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттен бөлу 2027-2029 жылдарға арналған Қызылжар ауданының бюджетін бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады.
11. 2027 жылға ауданның жергілікті атқарушы органның резерві116 226мың теңгесомасында бекітілсін.
12. Осы шешім 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.