Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Налобино ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 28/21 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қызылжар ауданының Налобино ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 75 004,6 мың теңге:
салықтық түсімдер – 43 399,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 31 605 мың теңге;
2) шығындар – 77 857,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге:
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 852,6 мың теңге;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – -2 852,6 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 852,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2 852,6 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.