Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 7) тармақшасына, 33-бабының 2-2-тармағына, 37-бабының 1-, 2-, 3-тармақтарына, 38-бабының 2-тармағына, 39-бабының 1-1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қазандағы №93/793 қаулысын басшылыққа алып, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 маусымдағы №188 хаттамасының негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- 2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша дауыс беруге арналған бюллетеньдерінің (бұдан әрі – сайлау бюллетеньдер) саны сайлау округіндегі тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының бір проценті резервін қоса, 756 (жеті жүз елу алты) дананы құрайтын болып белгіленсін және сайлау бюллетенінің мәтіні осы шешімнің 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 20 қазандағы №93/793 қаулысына 1-қосымшасына сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) белгіленсін.
- Қажетті көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше сайлау бюллетеніне белгі соғуына арналған трафарет (бұдан әрі - трафарет) саны 1 (бір) болып белгіленсін.
- Дауыс беруге шақыру қағаздарының саны 749 (жеті жүз қырық тоғыз) болып белгіленсін және дауыс беруге шақыру қағазының мәтіні осы шешімнің 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Сайлау бюллетеньдерін және көру қабілеті бұзылған сайлаушылардың өз бетінше белгі соғуына арналған оған трафареттерді, дауыс беруге шақыру қағаздарын белгіленген мөлшерде басып шығару тиісті келісім шарт арқылы жеке кәсіпкер «Қызылорда-Қанағаты» тапсырылсын.
Сайлау комиссиясының төрағасы ___________ Р. Ефенов
МО
Сайлау комиссиясы төрағасының
орынбасары ___________ А. Байсынов
Сайлау комиссиясының хатшысы ___________ Г. Жубаидаев
Сайлау комиссиясының мүшелері:
___________ Ж. Омаров ___________ Ғ. Ұзақбаев
___________ Т. Әбенова ___________ Г. Кенжегулов
Жосалы кенті
26 маусым 2026 жыл
№71