Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №358 «2026-2028 жылдарға арналған Жосалы ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:
«1) кірістер – 77 823 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 6 913 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;
трансферттер түсімдері – 70 910 мың теңге;
2) шығындар – 78 738,1 мың теңге»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.