№ 28 2025ж. маусым 13
Коммуналдық мекеменің қызметі
«Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы»
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес:
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу .
- «Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-жұмыс тобы) қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін .
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нысанасы ретінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 11-тармағында көрсетілген бағыт айқындалсын.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2025 жылғы 23 маусымнан 2025 жылғы 23 шілдеге дейін белгіленсін.
- Талданатын кезең 2024 жылғы 01 шілдеден 2025 жылғы 22 маусымға дейін.
- Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде келісілген талдамалық анықтаманы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Семипол ауылдық округі әкімінің қарауына ұсынсын.
- Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі