Егіндікөл ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының
№ 5 хаттамасы
Егіндікөл ауылы2026 жылғы 01 сәуір
Егіндікөл ауылы
әкімі аппаратының ғимараты
Жиыналыста қатысушылар:
Егіндікөл ауылының әкімі –Карабузауов М.Б.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1.Маканова Гульнар Кайдаровна
2.Перекрест Валентина Федоровна
3.Асанова Асия Газизовна
4.Сыч Елена Васильевна
5.Дымыд Татьяна Игоревна
6.Жаленова Жумагуль Хамитовна
7.Сариева Луниара Абрековна
Қатыспаған: Швыряева Валентина Сергеевна
Күн тәртібі:
1.Мал жаю мәселесі. Ауыл ішіндегі қараусыз жүрген мал.
2.Жеңіскөшесі бойынша тротуар салу.
3.Ақмола облысының әкіміне дене шынықтыру-сауықтыру кешенін (бұдан әрі – ДШСК) салу туралы хат дайындау.
Сөз сөйлегендер:
Маканова Г.К. мал санының аздығына байланысты, жайылыммен шектесетін егістік алқаптары бар шаруа қожалықтарының басшыларымен сөйлесіп, егістікті айналып бақылау үшін малшыларға қосымша ақы төлеу мәселесін қарастыруды ұсынды. Бұл егістік алқаптарының тапталуын болдырмау мақсатында қажет екенін атап өтті.
Тыңдалды:
1.Ауыл әкімінің станциялық жақта элеватордың малшысы тарапынан мал жаю туралы ақпараты.
2.Жеңіскөшесі бойынша тротуар мен жолдың жүру бөлігін асфальттау туралы ақпарат.
3.Ақмола облысының әкіміне ДШСК құрылысы бойынша хат дайындау және жолдау туралы ақпарат.
4.Ауыл ішіндегі қараусыз жүрген мал мәселесі туралы ақпарат.
Қаулы етілді:
1.Мал жаю және алдын ала төлем мәселелері бойынша ауылдың совхоз және станциялық бөліктерінде тұрғындар жиынын өткізу. Жиынға учаскелік полиция инспекторын, малшыны және жергілікті қоғамдастық мүшелерін шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2.Жеңіс көшесі бойынша асфальтталған тротуар мен жолдың жүру бөлігіне қатысты кепілдік міндеттемелері бойынша мердігер ұйымға талап қою хатын дайындау.
3.Егіндікөл ауылының жергілікті қоғамдастығы атынан Ақмола облысының әкіміне ДШСК құрылысы мәселесі бойынша хат дайындап, жолдау.
4.Қараусыз жүрген мал иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарту, малдарды ветеринариялық станция аумағындағы қораларға (қалдыға) қамау.
Төрағасы:Ж. Жаленова
Хатшы:В. Перекрест