Егіндікөл ауылы жергілікті қоғамдастық жиналысының
№ 9 хаттамасы
Егіндікөл ауылы2026 жылғы 01 маусым
Егіндікөл ауылы
әкімі аппаратының ғимараты
Жиыналысқа қатысушылар:
Егіндікөл ауылының әкімі –Карабузауов М.Б.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1.Маканова Гульнар Кайдаровна
2.Перекрест Валентина Федоровна
3.Асанова Асия Газизовна
4.Сыч Елена Васильевна
5.Жаленова Жумагуль Хамитовна
6.Швыряева Валентина Сергеевна
7.Дымыд Татьяна Игоревна
8.Сариева Луниара Абрековна
Күн тәртібі:
1.Егіндікөл ауылының тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру және демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Юсупов» жеке кәсіпкерлігіне, басшысы Юсупов Руслан Хаджимуканұлы атынан, «Батут» аттракциондарын орналастыру және пайдалану үшін Егіндікөл ауылының орталық алаңының бір бөлігін өтеусіз негізде пайдалануға беру.
Тыңдалды:
1.Ауыл әкімі Егіндікөл ауылының тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру және демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Юсупов» жеке кәсіпкерлігіне, басшысы Юсупов Руслан Хаджимуқанұлы атынан, «Батут» аттракциондарын орналастыру және пайдалану үшін Егіндікөл ауылының орталық алаңының бір бөлігін өтеусіз негізде пайдалануға беру мүмкіндігі туралы ақпарат берді.
Қаулы етілді:
1.Егіндікөл ауылының тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру және демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Батут»аттракциондарын орналастыру және пайдалану үшін Егіндікөл ауылының орталық алаңының бір бөлігін өтеусіз пайдалануға беруге келісім берілсін.
2.«Юсупов» жеке кәсіпкерлігімен меморандум жасалсын, онда жеке кәсіпкердің алаң аумағының және оған іргелес аумақтың тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз ету, оның ішінде тұрақты тазалау жұмыстарын жүргізу, тазалықты сақтау және абаттандыру талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелері көзделсін.Сондай-ақ меморандумда «Юсупов» жеке кәсіпкерлігінің «Батут» аттракционын пайдалану кезінде тұтынылған электр энергиясы үшін шығыстарды Тараптармен (Егіндікөл ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесі және «Юсупов» ЖК) келісілген шарттарға сәйкес дербес көтеретіні туралы тармақ көзделсін. Электр энергиясы үшін төлем ағымдағы айдың 25-күнінен кешіктірілмей, толық көлемде 81 180 (сексен бір мың жүз сексен) теңге сомасында КБК 206109 – «Өзге де салықтық түсімдер» бойынша уақтылы жүргізілсін. Төлемді растайтын түбіртектер Егіндікөл ауылы әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын.
Төрағасы:Ж. Жаленова
Хатшы:В. Перекрест