Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың соттан тыс банкроттығы: заңнамадағы өзекті өзгерістер

    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    2023 жылғы 3 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілді. Аталған Заң азаматтардың берешегін реттеудің үш рәсімін көздейді: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Ең көп сұранысқа ие рәсім – азаматтарға сотқа жүгінбей-ақ қарыз міндеттемелерінен босануға мүмкіндік беретін соттан тыс банкроттық рәсімі.

    Соттан тыс банкроттық екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ жеке тұлғалардың қарыз және микрокредит шарттары бойынша талап ету құқықтары тиесілі өзге де ұйымдар алдындағы міндеттемелерге қолданылады. Негізгі талаптардың бірі – берешек мөлшерінің 1600 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспауы. 2026 жылы бұл шек 6 920 200 теңгені құрайды. Сонымен қатар, өтініш берілген күнге дейін міндеттемелер кемінде 12 ай бойы өтелмеген болуы тиіс.

    Заң қолданысқа енгізілген уақыттан бері мемлекет рәсімді жетілдіру бағытында елеулі жұмыстар жүргізді. 2025 жылы қабылданған түзетулерге сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз және микрокредит шарттары бойынша кредитормен берешекті міндетті түрде реттеу талабы қолданылмайды. Сондай-ақ борышкерлерге соттан тыс банкроттық рәсімін себептерін көрсетпей-ақ өз еркімен тоқтату құқығы берілді.

    2026 жылы заңнамаға енгізілген маңызды өзгерістер күшіне енді. Соттан тыс банкроттық аясында есептен шығарылуы мүмкін талаптар тізімінен ломбардтар алынып тасталды. Сонымен қатар, жекелеген санаттағы борышкерлер үшін рәсімді өткізу мерзімі алты айдан бір айға дейін қысқартылды. Бұл мүмкіндік берешегі 1600 АЕК-тен аспайтын және өтініш берген сәтте бес жылдан астам уақыт бойы міндеттемелерін орындамаған азаматтарға беріледі. Аталған өзгеріс азаматтарды үмітсіз берешектен босату процесін едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.

    Рәсімді жеңілдету мақсатында өтініш беру кезінде кредиторлар, берешек сомалары туралы мәліметтерді көрсету және растайтын құжаттарды қоса тіркеу талабы алынып тасталды. Өтініштерді eGov электрондық үкімет порталы, eGov Mobile және e-Salyq Azamat мобильдік қосымшалары арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) тапсыруға болады.

    Сонымен қатар, азаматты банкрот деп тану белгілі бір құқықтық салдарға әкеледі. Рәсім аяқталғаннан кейін алименттік міндеттемелер мен өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, барлық борыштар есептен шығарылады. Банкротқа бес жыл мерзімге жаңа кредиттер алуға тыйым салынады, рәсімді қайта қолдану тек жеті жылдан кейін ғана мүмкін болады, ал азаматтың қаржылық жағдайына үш жыл бойы мониторинг жүргізіледі.

    Осылайша, соттан тыс банкроттық қаржылық қиын жағдайға тап болған азаматтарды әлеуметтік қолдаудың маңызды тетігі болып табылады. Заңнамадағы соңғы өзгерістер рәсімді одан әрі жеңілдетуге, оны өткізу мерзімдерін қысқартуға және азаматтардың шамадан тыс борыштық жүктемеден заңды түрде босану мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

    2023 жылғы 03 наурыздан бастап, яғни Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2026 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға барлығы 12 162 өтініш берілді, оның ішінде:

    • 2023 жылы – 1 927;

    • 2024 жылы – 2 180;

    • 2025 жылы – 4 983;

    • 2026 жылы – 3 072 өтініш.

    12 162 өтініштің ішінде:

    • Бас тартылғаны – 9 240 өтініш;

    • Қаралу үстінде – 919 өтініш;

    • Аяқталғаны – 2 003 өтініш.

    Осылайша, бүгінгі күні соттан тыс банкроттық рәсімі арқылы 2 003 азамат банкрот деп танылды. Екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық ұйымдар алдындағы жалпы сомасы 4 221 861 417,0 теңге болатын берешек есептен шығарылды, оның ішінде:

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    2026 жылғы 8 айдағы мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ке салық төлемдерінің түсімі

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС; «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-...

    Статистика

    2026 жылғы 8 айдағы өзге экономика бойынша Республикалық бюджетке салық төлемдерінің түсуі

    "Өзге экономика" кәсіпорындарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығымен бекітілген Республикалық мониторинг төлеушілерді (Шығыс Қазақстан облысында 12 мониторинг кәсіпорны...

    Ақпарат

    Банкрот деп тану рәсімін қозғай отырып (отырмастан) банкрот деп тану және тарату туралы хабарлау

    № Облысы Банкроттың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе атауы Банкроттың жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі Банкроттың орналасқан жері Банкротты...

    Ақпарат

    01.01.2026 жылғы жағдай бойынша, туындаған күннен бастап алты айдан астам уақыт бойы төленбеген әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар төлеушілердің тізімі

    № р/с Өңірлер Агенттің атауы Мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы МКБ Коды ЖСН/БСН СТН БСК Берешек сомасы (негізгі берешек + өсімпұл) 1 ШҚО бойынша МКД АК "КЭМОНТ" Өскемен қаласы бойынша МКБ ШҚО бойынша МКД КГД МФ...

    Ақпарат

    Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі туындаған күннен бастап алты айдан астам мерзімде өтелмеген берешегі бар азаматтардың тізімі 01.01.2026 жылғы жағдайына

    № р/с Өңірлер Агенттің атауы Мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы МКБ Коды ЖСН/БСН СТН БСК Берешек сомасы (негізгі берешек + өсімпұл) 1 Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД Акционерллік қоғам "КЭМОНТ" Өскемен қаласы...

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 01 қыркүйектегі №326 бұйрығына сәйке...

    Ақпарат

    Мәжбүрлеп таратуға жататын салық төлеушілердің түпкілікті тізімі 2026 жылдың 1 шілде жағдайына

    № МКБ коды СТ атауы СТН ЖСН Категория (ЗТ/ДК) МКБ атауы МКБ мекен-жайы 1 1802 "Керемет и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 180200211089 80140021083 Заңды тұлға Катон-Қарағай ауданы бойынша МКБ Катон-Қарағай а., Топ...

    Статистика

    2026 жылғы 1 шілдеде Мониторинг кәсіпорындарынан МБ-ға 2026 ж. 1-ші жартыжылдықтағы салық төлемдерінің түсуі

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №786 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша республикалық мониторингтің 12 кәсіпорны тіркелген: «Казцинк» ЖШС; «Востокцветмет» ЖШС; «Орика-...