ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген нормаларын іске асыру аясында ( 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген) «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) экспедиторлар мен комиссионерлер үшін ЭШФ-да сыйақы сомасын көрсетуге арналған функционал іске қосылғанын хабарлайды.
ЭШФ АЖ-да электрондық шот-фактураларды (бұдан әрі — ЭШФ) экспедиторлар қызметтерін көрсеткен кезде, сондай-ақ шарттары комиссия шартының шарттарына сәйкес келетін шарттар аясында қызметті жүзеге асырған кезде толтырудың ерекшеліктерін көздейтін өзгерістер енгізілді.
«Экспедитор» және «Комиссионер» жеткізуші санаттары үшін ЭШФ-да G бөлімінің «Тауарлар, жұмыстар, қызметтер туралы деректер» атты бірінші жолы қызметтің белгіленген атауымен және тауарлар, жұмыстар, қызметтердің шығу тегінің «6» белгісімен автоматты түрде құрылады.
Көрсетілген мәліметтер жүйемен автоматты түрде құрылады және өңдеуге жатпайды.
Техникалық сипаттағы сұрақтар туындаған жағдайда қолдау қызметінің электрондық поштасына [email protected] (тәулік бойы) немесе +7 (7172) 72-51-61 телефон нөмірі арқылы (сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін) өтініш білдіруге болады.