Бірыңғай есеп беру күні

    Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы

    ӨНЕРКӘСІП

    Қазіргі уақытта статистикалық деректерге сәйкес, Абай облысында599өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде:423кәсіпорын –өңдеу өнеркәсібінде,176кәсіпорын –тау-кен өндіруөнеркәсібінде.

    2026 жылғы8 айдың қорытындысыбойынша өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі2,3трлн теңгені құрады(жоспар – 1,9 трлн теңге, 2025 жылғы қаңтар–тамызда – 1,7 трлн теңге). Нақты көлем индексі(НКИ)–101,2%.

    Тау-кен өндіруөнеркәсібіндегі өндіріс көлемі1,7трлн теңгені құрады(жоспар – 1,4 трлн теңге, 2025 жылғы қаңтар–тамызда – 1,2 трлн теңге). Нақты көлем индексі –99,2%.

    Өңдеу өнеркәсібіндегіөндіріс көлемі540,2млрд теңгені құрады(жоспар – 539,9 млрд теңге, 2025 жылғы қаңтар–тамызда – 446,3 млрд теңге). НКИ –103,7%.

    Облыста елішілік құндылықты және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі өңірлік бағдарлама бекітілген. Бағдарлама аясында ірі кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес (ШОБ) белдеуін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Бүгінгі таңда отандық ауыл шаруашылығы және коммерциялық техника өндірушісі «СЕМАЗ» ЖШС -нің жергілікті кәсіпорындармен өндірістік кооперация орнату бойынша табысты тәжірибесі қалыптасқан. Атап айтқанда, «Вельт-Логистик» ЖШС(изотермиялық фургондар мен еуроплатформалар), «УК Триплекс» ЖШС(шыны өнімдері), «Казэлектромаш» ЖШС(жоғары вольтты сымдар), «Семейский Механический Завод» ЖШС(самосвал борттары), «Парк ядерных технологий» ЖШС(жылу, гидро және дыбыс оқшаулағыш материалдар), «Semey Machinery Group» ЖШС(самосвал цистерналары)кәсіпорындары өндіріске қажетті өнімдерді жеткізеді.

    Сонымен қатар, «KAZ Minerals Aktogay» компаниясының айналасында кәсіпорын қажеттіліктері үшін өнім жеткізуге жыл сайын тапсырыс алатын бірқатар шағын және орта кәсіпорындар қалыптасқан. Олардың қатарында «Казэлектромаш» ЖШС, «Семипалатинский завод масел» ЖШС және «Восток Лес Индустрия» ЖШС бар.

    Сондай-ақ, «Ж. Құрылыс Компаниясы» ЖШС -нің «KAZ Minerals Aktogay» және «Шығыстүстімет» ЖШС компанияларымен тау-кен өндіру кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін анкерлік бекітпелер мен арматуралық қаңқаларды жеткізуді көздейтін ұзақ мерзімді ынтымақтастық шарттарын жасасу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді.

    2026 жылғы 10 ақпанда Басқарма Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаментімен бірлесіп, нақты көрсеткіштердің толық әрі дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында 100 кәсіпорынды қамти отырып, «1-инновация» статистикалық нысанын толтыру тәртібін түсіндіру бойынша семинар өткізді.

    Ағымдағы жылғы 23 маусымда Басқарма «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкерлік қоғамдастық өкілдерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында 2026 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарналар мен аударымдарды төлеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ағымдағы жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі О.С. Сапарбековтің Абай облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдерімен кездесуі өткізілді.

    Кездесу барысында өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінің өзекті мәселелері, қолда бар проблемалық мәселелер, сондай-ақ оларды шешудің ықтимал жолдары қарастырылды.

    Ағымдағы жылғы 3 шілдеде «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының өңірлік кезеңі өткізілді.

    Отандық тауар өндірушілердің өнімдерін ілгерілетуге және өңірдің өндірістік әлеуетін таныстыруға бағытталған іс-шараға Абай облысының өнеркәсіп кәсіпорындары қатысып, өздері өндіретін өнімдерін ұсынды.

    Басқарма қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, отандық мектеп формасын өндірушілерді тарта отырып, жыл сайын мектеп жәрмеңкесін ұйымдастырады. Ағымдағы жылы аталған жәрмеңке облыс аумағында 20–25 тамыз аралығында өткізілді.

    Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында техникалық мамандықтарды насихаттау мақсатында Басқарма Абай облысының Білім басқармасымен бірлесіп, облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарында «Өнеркәсіптік туризмді енгізу» бағытында жұмыстар жүргізуде. Осы бағытта студенттердің өндірістік нысандарға баруын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Ағымдағы жылы аталған іс-шараларды өткізу қазан айына жоспарланған.

    Инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылықтың болуына байланысты облыс әкімдігі «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағын 96 гектардан 190 гектарға дейін кеңейтті.

    Осы бастама аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған шағын өнеркәсіптік парк құру мүмкіндігі де қарастырылуда.

    Сонымен қатар, индустриялық аймақ аумағын кеңейтуге қарамастан, бизнес тарапынан өндірістерді орналастыруға тұрақты сұраныс сақталуда. Бұл қосымша өнеркәсіптік алаңдар құру қажеттілігін көрсетеді.

    Осыған байланысты арнайы экономикалық аймақ құру жобасын іске асыру ұсынылды. Ағымдағы жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысында «Семей» арнайы экономикалық аймағын құру жобасы мақұлданып, іске асыруға келісілді.

    Жоспарланып отырған арнайы экономикалық аймақ үшін
    600 гектар жер телімі қарастырылған, кейіннен оның аумағын
    1 000 гектарға дейін кеңейту көзделуде.

    АЭА қызметінің басым түрлерінің тізбесін қалыптастыру кезінде оны дамытудың негізгі бағыттары ретінде агроөнеркәсіптік кешен, логистикалық және көлік хабы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі қарастырылуда.

    Қазіргі кезеңнің өзінде АЭА аумағында өндірістерін орналастыруға мүдделі бірқатар әлеуетті резиденттер бар.

    Абай облысында АЭА құру – ұлттық экономикалық саясат аясындағы стратегиялық маңызды қадам. Қазақстан экономикасын тұрақты әртараптандыру, экспорттық әлеуетті арттыру және Қытаймен шекара маңындағы ынтымақтастықты дамыту жағдайында Абай облысы жаңа экономикалық өсу нүктелерінің біріне айналады.

    Арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын тиімді басқару және дамыту мақсатында «Abai Invest» ЖШС басқарушы компаниясы құрылды.

    Басқарушы компания қызметінің негізгі бағыттары – АЭА инфрақұрылымын орталықтандырылған басқару және дамыту, «бір терезе» қағидаты бойынша АЭА қатысушыларының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, сондай-ақ АЭА қатысушыларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың нысаналы пайдаланылуын бақылау.

    МСБ

    Абай облысында кәсіпкерлік ахуалды жақсарту аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған қаржылық қолдау шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып, әлеуметтік-экономикалық өсімге серпін беруде.

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны50,1мың бірлікті құрады, 2026 жылдыңІтоқсаннның қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес секторында жұмыспен қамтылғандар саны97,1мың адамға жетті. Өңірлік жалпы өнім көлемі152,2млрд теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда20,3%-ға(126,5млрд теңге)ұлғайды.

    2026 жылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін гранттық қаржыландыруға116млн теңге бөлінді. Құжаттарды қабылдау қазан айында басталады деп жоспарлануда.

    Жалпы, 4 жылдың қорытындысы бойынша361млн теңге сомаға
    87жоба бойынша гранттық қаржыландыру ұсынылды (2022 жылы -
    18жеңімпаз, 2023 жылы -22жеңімпаз, 2024 жылы -23жеңімпаз, 2025 жылы -
    24жеңімпаз).

    2026 жылы субсидиялауға7,9млрд теңге, республикалық бюджеттен -7,5млрд теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен -581млн теңге.

    Ағымдағы жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры4,7млрд теңгенің18келісіміне қол қойды.

    Анықтама:2025 жылы «Даму» қоры 9,8 млрд теңге сомаға 131 жобаны субсидиялады және 1,4 млрд теңге сомаға 22 жоба бойынша кепілдіктер берді.

    Ағымдағы жылы«Қамқор»өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен348,3млн теңге,«Даму» қорынан348,3млн теңге бөлінді. Өтінімдерді қабылдауды «Халық Банкі» мен «Банк ЦентрКредит» АҚ екінші деңгейлі банктері жүзеге асырды.2023-2025 жылдары жалпы сомасы2,2млрд теңге болатын78жоба қаржыландырылды.

    Анықтама: 2025 жылы 422,4 млн теңгеге 25 жоба, 2024 жылы 1,1 млрд теңгеге 38 жоба, 2023 жылы 722 млн теңгеге 15 жоба қолдау тапты.

    Сонымен қатар, кәсіпкерлерге инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша шара іске асырылуда. Аталған бағытта кәсіпкерлік субъектілерінеӨңірлік үйлестіру кеңесі25жобаны мақұлдады.

    Сондай-ақ қаржылық емес қолдау шаралары іске асырылуда. Облыста кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша арнайы комиссия жұмыс істейді. Жыл басынан бері24кәсіпкер мәртебеге ие болды, бұл оларғагранттық бағдарламаларға қатысуғажәнежеңілдетілген несиеалуға мүмкіндік береді.

    Облыс құрылғаннан бері арнайы комиссияның 18 отырысы өткізіліп, 204 өтінім қаралып, 128 жобаға комиссияның оң қорытындысы берілді.

    Сауда

    2026 жылғы қаңтар-тамыздағы ішкі сауда көлемі 753,2млрд теңгені құрады. НКИ –105,4%.

    Анықтама:

    2026 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі – 452,9 млрд теңге, НКИ - 105,4%.

    2026 жылғы қаңтар-тамызда көтерме сауда айналымының көлемі – 284,3 млрд теңге, НКИ – 104,6%.

    Бүгінгі таңда Абай облысында:

    115 ірі сауда объектілері(СҮ/СҮ және тб.), оның ішінде Семей қаласы бойынша - 78 бірлік; 23 базар (оның ішінде
    8 мамандандырылған, 15 әмбебап, 3 жаңғыртуға жатады («СМОКК», «Мереке» және «Ақшын»)
    3 056 сауда орны. Базарлардың жалпы санының 12-сі Семей қаласында орналасқан;

    Анықтама:

    «Жаңа Базар» базары – Ауэзов даңғылы, 40/3, «Шығыс» базары – Өскемен көшесі, 2а/1, «Тұлпар» базары – Өскемен көшесі, 2, «Солтүстік» базары – Солтүстік өндірістік торап көшесі, 2, «Наурыз» базары – Чехов көшесі, 28, «Спартак» авторыногы – Елемесов көшесі, 40, «Океан» базары – Ауэзов даңғылы, 40, «Алтол» базары – Ш. Уәлиханов көшесі, 177, «Жоламан» көтерме-тарату орталығы – Семей–Алматы тас жолының 3-шақырымы,«Мереке» базары – Ш. Уәлиханов көшесі, 122, «Смокк» базары – Чехов көшесі, 35, «Ақшын» базары – Засядко көшесі, 35

    Облыста9 мұнай базасыжұмыс істейді

    Анықтама:

    «Жангиз-Төбе Мұнай өнімдері» ЖШС – (Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ауылы (қызметін атқармайды),

    «PetroRetail» ЖШС – (Аягөз қаласы, Гагарин көшесі, 260,)

    «Авантаж Ойл» ЖШС – (Бородулиха ауданы, Бель-Ағаш ауылы, Жастар көшесі, 4),

    «GAS&Мунай» ЖШС – (Семей қаласы, Солтүстік өндірістік торап көшесі, 1а),

    Ахметов В.З. жеке кәсіпкерлігі – (Семей қаласы, Солтүстік өндірістік торап көшесі, 3/1),

    «СабырХолдинг-21» ЖШС – (Семей қаласы, Сеченов көшесі, 4),

    Решетов П.Г. жеке кәсіпкерлігі – (Семей қаласы, Жаңғельдин көшесі, 82а),

    «Гелиос» ЖШС – (Семей қаласы, Дезпромстанция ауданы),

    «PetroRetail» ЖШС (QazaqOil)– Семей қаласы, Клубный тұйығы, 1

    127 жанармай құю станциясы,оның ішінде Семей қаласы бойынша- 61бірлік;

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында«Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»тауар қорларын алдын ала қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен, оның ішінде «Приречное» агрофирмасы» ЖШС-мен форвардтық шарттар жасалды. 2025–2026 жылдар маусымында халыққа1 272,6 тонна картоп, 207,5 тонна қырыққабат,
    232,2 тонна сәбіз және 179,4 тонна пияз
    өткізілді. Сонымен қатар,204 тонна күріш, 120 тонна қарақұмық жармасы, 241,3 тонна қант және 359 мың литр күнбағыс майысатылды.

    Ағымдағы жылдың1 қыркүйектегіжағдай бойынша көкөніс қоры:2 421,1 тонна картоп, 699,2 тонна сәбіз, 584,5 тонна қырыққабат және 454,6 тонна пиязды құрады. Аталған қорлар маусымаралық кезеңде өнім тапшылығына және бағаның күрт өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

    Халықты қолжетімді бағаменнан және тауық жұмыртқасыменқамтамасыз ету мақсатында тиістішарттар жасалды.Нан өнімдері бойынша150 млнтеңге сомасына шарт жасалып,1 071 429 дана нанды бір данасына 140 теңгеден сатып алу көзделген.

    Тауық жұмыртқасы бойынша70 млнтеңге көлемінде жеңілдетілген қарыз беру туралы шарт жасалды. Жұмыртқа халыққа бір данасы48теңгеден өткізілуде. Апта сайын70 қорапнемесе
    25 200 дана жұмыртқатұрақты түрде жеткізілуде.

    Аталған келісімдер облыстың қажеттілігін толық қамтамасыз ететіндігін атап өткен жөн.

    Ағымдағы жылдың13-23 наурызаралығында Наурыз мерекесі қарсаңында«Nauryz Sale»республикалық акциясы аясындаазық-түлікжәнеазық-түлік еместауарларға, сондай-аққызмет көрсетусаласындағы қызмет түрлерінежеңілдіктерұсыну бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Акцияға Семей қаласыныңірі сауда үйлеріқатысып(«Park City», «Арғымақ», «Аркада», «Жансая», «Көктем», «Мереке», «Алатау», «Asima», «Апрель», «Қазына»)тұтынушыларға тауарлар мен қызметтердің жекелеген түрлеріне10%-дан 30%-ғадейін жеңілдіктер ұсынылды. Атқарылған жұмыстар мен ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат халыққа әлеуметтік желілер және республикалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілді.

    Сондай-ақ,1-7 шілдеаралығында«Bereke Fest»республикалық акциясы өткізілді. Акция аясында тауарлардың жекелеген санаттарына мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар жасалып, сатып алушыларға тиімді және қолайлы шарттар ұсынылды.

    Сонымен қатар,ADAL(«Adal Supermarket» ЖШС),Дастархан(«Швидченко М.А.» ЖК)жәнеSMALL(«Скиф Трейд» ЖШС)сауда желілеріменүшжақтымеморандумғақол қойылды.

    Меморандум аясындасауда желілері келесі міндеттемелерді қабылдады:

    - ӘМАТ тауарларын бөлшек сауда бағасына10%-ғадейінгі сауда үстемақысын есепке ала отырып жүзеге асыру;

    - сауда объектілерінде республикалық«Береке Fest»акциясының бекітілген тұжырымдамасына сәйкес акция ұйымдастыру және өткізу;

    - Кемінде30%-ынотандық тауар өндірушілердің өнімдерін орналастыруға қамтамасыз ету.

    - отандық өнімдер қойылған сөрелерде«Қазақстанда жасалған»логотиптерін орналастыру.

    2026 жылы азық-түлік тауарларының баға қалыптастыру тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның
    72 отырысы өткізілді.

    Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша аумақтық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
    «Сауда қызметін реттеу туралы» Заң талаптарының бұзылуы бойынша 154 әкімшілік іс қозғады.

    Жер қойнауын пайдалану

    Қазіргі уақытта Абай облысы бойынша кең таралған пайдалы қазбалардыөндіру бойынша 72 кәсіпорын қызметін жүзеге асырады

    Анықтама:

    40 кәсіпорын өз жұмысын 47 өндіруге арналған келісімшарт бойынша, 32 кәсіпорын өндіруге арналған 48 лицензия бойынша жүзеге асырады. 2026 жылы берілгені – 6 лицензия.

    Мемлекеттік меншікке жататын жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, теміржолдарды салу(қайта жаңғырту)және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кен таралған пайдалы қазбаларды өндіруге46рұқсат қолданыста(«Қазақстандағы «Чайна Харбоур Инжиниринг Компания ЛТД»филиалы, «Теміржол Жөндеу» ЖШС, ТОО «KAZ Minerals Aktogay» (КАЗ Минералз Актогай);,барлау жұмыстарын жүргізуге2рұқсатқолданыста(Қазақстандағы «Чайна Харбоур Инжиниринг Компания ЛТД»филиалы, ТОО «KAZ Minerals Aktogay» (Каз Минералс Актогай).

    Кен іздеушілік қызметтін жүзеге асыруға арналған 51 лицензия қолданыста(2026 жылы берілгені – 27, мерзімін ұзартуға байланысты қайта ресімделгені – 1).

    12өтініш негізінде Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық комиссияның7отырысы өткізілді, оның ішінде2отырыс жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін ұзарту мәселесі бойынша(«Үлбі Металлургиялық зауыты» ЖШС, «ПОСЖБ» ЖШС).

    2026 жылдың қаңтар-тамыз айларына жер қойнауын пайдаланушыларданжергілікті бюджетке түскен салық түсімдерініңсомасы 18,5 млрд теңгені құрады(2025 жылы – 37,6млрд теңге).

    2025 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған аударымдары(БЖК 206114)2,7млрд теңгені құрады.

    Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, жер қойнауын пайдаланушылардан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға 100 млн теңгеден астам мөлшерде төленбеген аударымдарды өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді.

    Абай облысының аумағында пайдалы қазбаларды анықтау мақсатында кең ауқымды барлау және геологиялық зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында жұмыстар жалғасуда.(Пайдалы қазбаларды анықтау үшін кең ауқымды барлау және геологиялық іздестіру жүргізу жөніндегі 2023 жылғы 29 наурыздағы іс-қимыл жоспары) 2023 жылдан 2027 жылға дейінгі кезеңде 22 объектіде ЖЖН бойынша жұмыстарды орындау жоспарлануда (терең геологиялық және геологиялық-минерагендік картаға түсіру, полиметалдарға, жерде сирек кездесетін металдарға, мысқа іздестіру жұмыстары) жалпы сомасы 9,4 млрд. теңге (республикалық бюджеттен қаржыландыру).

    2024 жылы жүргізілген геологиялық зерттеулер нәтижесінде Абай облысының аумағында сирек және сирек кездесетін бериллий(Бородулиха ауданы),иттрий(Жанасемей ауданы),ниобий(Абай ауданы).металдары анықталды.

    Бекітілген Іс-шаралар жоспарына сәйкес келесі жұмыстар жүргізілуде:

    - 5 объект бойынша терең геологиялық картаға түсіру(Батыс Қалбадағы Семей алаңы және Базар алаңындағы Жарма-Сауыр кен белдеуі, Жарма, Бесқарағай, Көкпекті аудандары), «ЦентрГеоСъемка» ЖШС (2023 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады)(Аягөз ауданы L-44-13,14,15, 25-А, Б, 26-А, Б, 27-А, Б парақтар алаңында) (6280 км2), «Geotek» ЖШС (2025-2027 жж.), (Аягөз ауданы L-44-4,5,16,17,18-А, В, Г (6580 км2), «Азимут Геология» ЖШС (2025-2027 жж.), (Аягөз ауданы L-43-11-Б, Г парақтар алаңында; -12; L-44-1,2,3 (6230км2), «Центргеолсьемка» ЖШС (2025-2027жж.);

    - «Geotek» ЖШС(2023-2025 жж.)3 нысан бойынша терең минерагендік картаға түсіру(Рудный Алтай алаңы М-44-56,57 парағы, Бородулиха ауданы); (Шульба кен ауданының алаңы М-44-IX парағы, Бородулиха ауданы, Жаңасемей ауданы), «Топаз «ГРК» ЖШС (2023-2025 жж., (Бақыршық алаңы М-44-XXII-91,92 парағы, Жарма ауданы), «Геобайт» ЖШС (2023-2025 жж.);

    - 2 объектіде инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялықтүсірілім(М-44-XXIX (5468,2 км2) Көкпекті, Жарма ауданы), (М-44-XXVI (5453,5 км2) Абай ауданы) «Семейгидрогеология» ЖШС (2025 2026 жж.)2 Обьектіде қаралған.

    Облыс аумағында тұрақты негізде, сондай-ақ облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде(2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 106) қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларды қайта тіркеу (заңды мекенжайын ауыстыру)жұмыс жүргізілуде.

    10кәсіпорын облысқа қайта тіркелді(«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, Аягөз ауданы, «Tesairyk copper» ЖШС, Көкпекті ауданы, «Жерек» ЖШС, Семей қаласы, «Фирма Мадина» ЖШС, Мақаншы ауданы, «Eastern Gold» ЖШС, Көкпекті ауданы, «Nordgold EK», Семей қаласы, «Nigma EX» ЖШС, Бесқарағай ауданы, «NurTrade Kazahstan» ЖШС, Аягөз ауданы, «SGP Bek Mining» ЖШС, Бородулиха ауданы ).

    4кәсіпорын Абай облысында филиалдар ашты(«Востокцветмет» ЖШС, Бородулиха ауданы, «Зайсан» Құрылыс компаниясы» ЖШС, Ақсуат ауданы, «ALAYGYR GOLD» ЖШС, Семей қаласы, «Бөке» ЖШС, Жарма ауданы, «Сентас» ЖШС Жарма ауданы).

    5кәсіпорын өндіру кезеңінде қайта тіркеуді жоспарлап отыр(«Майлишат Ресорсис» ЖШС, Аягөз ауданы, «Казахстанская Рудная компания» ЖШС, Аягөз ауданы, «TSK Exploration and Mining» ЖШС, Аягөз ауданы, «Western company 2020» ЖШС, Жарма ауданы, «STAR ASIAN MINING COMPANY» ЖШС, Жарма ауданы).

    Жүктеу
    Единый день отчетности
    ЕДО
    DOCX · 51 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы e-License (Е-лицензиялау) электрондық порталы арқылы төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсету...

    Ақпарат

    информация по государственном услугам

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы e-License (Е-лицензиялау) электрондық порталы арқылы төмендегі мемлекеттік қызметтерді көрсету...

    Басқа

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі Р/с № Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның атауы Жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және (немесе) атауы ЖСН/ БСН Заңды мекенжайы (орналасқан жер...

    Қаулы жобасы

    Абай облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеуі және бөлшектеу қағидаларын бекіту туралы

    Абай облысының аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау, орнату, жұмыс істеуі және бөлшектеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы ж...

    Ереже

    Положение СПК Семей

    Құжат

    Аналитикалық анықтаманың қысқаша сипаттамасы

    Қысқаша сипаттама 2026 жылғы 1–31 шілде аралығында Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау барысында норма...

    Жоба

    Аналитикалық анықтама жобасы

    Жоба

    Талдамалық анықтама

    Абай облысы «кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама Талдау жүргізіл...