«Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

    Қызылқоға ауданының мәслихаты

    «Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің

    Ережесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» №590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға аудандық мәслихатыШЕШТІ:

    1. Қоса беріліп отырған «Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.

    2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 1 маусымдағы №3-5 «Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасыныңміндетін атқарушы А.Баймұратова

    VIII шақырылған

    Қызылқоға аудандық мәслихаттың

    2026 жылғы 28 қыркүйектегі

    № 43-2 шешімімен бекітілген

    « Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты » мемлекеттік мекемесінің Ережесі


    1. Жалпы ережелер

    1.« Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты » мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - мәслихат аппараты) тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратынҚазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.

    3.Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    4. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

    5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

    6. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен«Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі мәслихат төрағасының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    8. «Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымымен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

    9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай Құнанбаев көшесі 4, пошталық индекс: 060500.

    Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:

    Дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

    10.Мемлекеттік органның толық атауы:

    1) мемлекеттік тілде -« Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты » мемлекеттік мекемесі;

    2) орыс тілінде – государственное учреждение« Аппарат Кызылкогинского районного маслихата » .

    11. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

    12. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыруҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

    13. Мәслихат аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынаншарттық қарым-қатынас жасауғатыйым салынады.

    Егер мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе,мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    14. Аудандық мәслихаттың өкілеттік мерзімінің аяқталуымен, аудандық мәслихат өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің қызметі тоқтатылмайды.

    2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

    15. Мақсаттары: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан РеспубликасыКонституциясының , Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.

    16. Өкілеттіктері: «Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесі органдарының қызметiн ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету.

    17. Құқықтары мен міндеттері:

    1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан мәслихат құзыреті мәселелері бойынша қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдар сұрату және алу;

    2) мәслихат аппаратын жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;

    3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру;

    18. Функциялары:

    1) аудандық мәслихаттың сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және аудандық мәслихаттың құзыреті шегінде қабылданған және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;

    2)«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылардың кездесулер мен қабылдауларда айтқан өтініштерінің, ұсыныстардың, проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ қажет болған жағдайда депутат ұсыныстарының жобасын әзірлейді жәнеоны аудандық бюджеттің жобаларына, ауданның даму жоспарлары мен бағдарламаларына енгізеді;

    3) сот органдарында мәслихат мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;

    4) аудандық мәслихат қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

    Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.

    3. Аудандық мәслихат төрағасының мәртебесі, өкілеттігі

    19. Мәслихат аппаратын басқаруды аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуынажәне оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын мәслихат төрағасы жүзеге асырады.

    20. Аудандық мәслихат төрағасын мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен сайлайды және қызметінен босатады. Бір тұлға аудандық мәслихаттың төрағасы болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

    21. Мәслихат төрағасының орынбасарлары болмайды.

    22.Мәслихат төрағасының өкілеттігі:

    1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

    2)аудандық мәслихаттың сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

    3) аудандық мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді;

    4)аудандық мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысынақатысуүшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

    5) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

    6) аудандық мәслихат аппаратының басшысын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

    7) сайлаушылардыңөтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

    8) аудандық мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

    9)« Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы » Қазақстан РеспубликасыЗаңының (бұдан әрі – Заң) 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастама жасаған аудандықмәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

    10) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

    11) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

    12) Аудандық мәслихат төрағасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

    13)мемлекеттiк органдармен,ұйымдармен, жергiлiктiөзiн-өзi басқару органдарыменжәне қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда аудандықмәслихаттыңатынан өкiл болады;

    14) аудандық мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

    15) егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың дауысы тең бөлінген жағдайда, шешуші дауыс құқығын пайдаланады;

    16) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының заңнамасында, аудандық мәслихат регламенті мен шешімінде көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

    Аудандық мәслихаттың төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе аудандық мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

    17)« Қызылқоға аудандық мәслихат аппараты » мемлекеттік мекемесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қызылқоға аудандық мәслихатының аппарат басшысы басқарады.

    4. Аудандық мәслихат аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттігі

    23.Аудандық мәслихат аппарат басшысының өкілеттігі:

    1) аудандық мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

    2) өз құзыреті шегінде аудандық мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

    3) аудандық мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;

    4) аудандық мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

    5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

    6) аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

    7) аудандық мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

    8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

    9) аудандық мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

    10) аудандық мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

    11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

    12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    5. Мемлекеттік органның мүлкі

    24. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкіболуымүмкін.
    Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасыныңзаңнамасындатыйымсалынбағанөзгедекөздересебінен қалыптастырылады.

    25. «Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінебекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    26 .Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесіөзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

    6. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

    27.«Қызылқоғааудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Шешім

    Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №36-4 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Қызылқоға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы№36-4 «2026-2028 жылдарға арналған Қызылқоға ауданының ауылдық округтерінің бюджеттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылқоға аудандық мә...

    Қызылқоға ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы

    Жамбыл ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі б...

    Қызылқоға ауданының мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудіңжәнемұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындаудың қағидаларын бекіту туралы»Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №8-3шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудіңжәнемұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындаудың қағидаларын бекіту туралы»Қызылқоға аудандық мәслихатының2023 жылғы 28 қыркүйектегі №8-3шешімін...

    Қызылқоға ауданының мәслихатыЖарияланды: