Жамбыл ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы

    ·

    Жамбыл ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалысы туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына сай, Қызылқоға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жамбылауылдық округ әкімі жұмысының негізгі бағыттары атқарған жұмыстары мақұлдансын.

    2. Жамбыл ауылдық округінің әлеуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз етумен қоса алдағы атқарылатын жұмыстарды жетілдіру мақсатында төмендегі іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылсын:

    - Жамбыл ауылдық округінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту;

    -Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

    - Өндірістік инфақұрылымды дамыту жөнінде уәкілетті органдармен бірлескен жұмыстарды күшейту;

    - Ауылдық округке түсетін кіріс көздерінің түсуіне бақылау жасау;

    - Абаттандыру, санитарлық тазалық және инфақұрылымды дамыту;

    - Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

    - Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау;

    - Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарау бағыттарында тиісті жұмыстар назарға алынсын.

    3. Аталған шешімнің жүзеге асуын бақылауда ұстау «Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, экология, әлеуметтік және қоғамдық мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссияға (Ж.Кенжин) тапсырылсын.

    Аудандық мәслихат төрағасы Т.Бейсқали

    Жүктеу
    9d55987adc4add3d2961a65456768145_original.14393.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудіңжәнемұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындаудың қағидаларын бекіту туралы»Қызылқоға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі №8-3шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудіңжәнемұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесінайқындаудың қағидаларын бекіту туралы»Қызылқоға аудандық мәслихатының2023 жылғы 28 қыркүйектегі №8-3шешімін...

    Жарияланды: